aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанның қай өңірлері ішімдікті көп ішеді?

19 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Қазақстанның қай өңірлері ішімдікті көп ішеді?
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандықтардың арақ-шарапқа жұмсайтын шығыны 13% артқан. Бұл ретте елде сыра ішу азайып, арақ пен коньякке сұраныс көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

Қазақстанда алкоголь нарығы өсіп келеді, бұл спиртті ішімдіктерді сату көлемінің артуына тікелей байланысты. Бірінші жартыжылдықта ел дүкендерінен 2,4 есе көп коньяк және 29,4% көбірек арақ, түрлі ликер мен шарап сатып алынған.

Ұлттық статистика бюросының мамандары шампан (-3,2%) мен сырадан (-6,2%) басқа барлық позициялар бойынша өсімді байқап отыр.

Барлық сатып алынған (шамасы ішілген) алкоголь көлемі 425,7 миллион литрге жетеді. Бұл көрсеткіштің 80% сыраға тиесілі: барлар, дүкендер мен мейрамханалар 347,8 миллион литр сыра сатқан.

Өткен жылы ҚР аумағында алкоголь сату көлемі күрт өскен еді. Онда арақ бірден 2 есеге, коньяк — 73,5%-ға сатылды. Бұл ретте ресейліктердің екі көші-қон толқынынан басқа тұтынудың айтарлықтай өсуіне ықпал ететін себеп болмаған.

Ұлттық статистика бюро деректеріне сүйенсек, Қазақстан спирттік ішімдіктерді өндіру бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін жаппайды. Мысалы биыл бірінші жартыжылдықта отандық спирт зауыттары сатып алу сұранысын 87,2%-ға қанағаттандыра алды.

Барлық сатып алынған коньяктың әрбір екінші бөтелкесінде Made in Kazakhstan жапсырмасы болған. Қазақстандық өндірушілер дүкендерге көбірек өнім жеткізе алар еді, бірақ олар өз бизнесін ішінара экспортқа бағыттайды. Елде өндірілген коньяктың үштен бірі (28,7%) шетелге кетеді.

Шарап өндірушілер сатудың экспорттық бағыттарын әлі игерген жоқ. Өндірілген шараптың барлық көлемі Қазақстанда қалады және импорттық жеткізушілермен бәсекені жалғастыруда.

Елдегі сатылымның 34,4%-ы шетелдік шарап компанияларына тиесілі. Бұл сусынның біздің елге ең ірі экспорттаушылары — Грузия мен Италия. Грузия мен Италия шараптарының дәмі үшін Қазақстан жарты жылда 12 млн АҚШ долларын жұмсаған.

Қазақстандықтар негізінен жергілікті сыраны ішеді – ішкі нарықтың 88,3%-ын отандық сыра қайнатушылар алады. Еліміздегі ең ірі сыра өндірушілер — Шымкент сыра қайнату зауыты, қарағандылық Efes Kazakhstan, алматылық Caspian және Carlsberg Kazakhstan, қостанайлық «Арасан», Лисаковскідегі «Алтын өмір» және басқалары.

Қалған қажеттілікті импорт жабады, ол негізінен Ресейден келеді.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтар алкогольді ішімдікке жұмсалатын шығындарын 13,1%-ға арттырған. Статистиктердің есебінше, биылғы сәуір–маусым айларында еліміздің бір тұрғынына арақ, шарап және сыраға жұмсалған шығындар шамамен 1,5 мың теңгені көрсетті.

Бұл көрсеткішті тек өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыру орынды болады. Өйткені, Қазақстанда спирттік ішімдіктердің сатылуы тұтыну мәдениетіне байланысты: мереке күндері ішімдік көбірек сатылады.

Мұны сандар да растайды, төртінші тоқсанда – Жаңа жыл қарсаңында адамдар алкогольге көбірек ақша жұмсайды Жазда шығындар азаяды, бірақ бұл жылы мезгілде қазақстандықтар аз ішеді дегенді білдірмейді. Спирті күшті ішімдіктер емес, арзанырақ сыраны ішу көрсеткіштері артады.

2023 жылдың екінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алкогольге көп ақша жұмсаған. Республика бойынша жалпы шығын көрсеткіші 1,5 мың теңге болса, ШҚО-да 2,2 есе көп – 3,4 мың теңге.

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да 3,1 мың теңге көлемінде байқалған. Бұл сомаға қарағандылықтардың (2,9 мың теңге) және алматылықтардың (2,8 мың теңге) да шығындары шамалас.

Керісінше алкогольге жұмсалатын ең аз сома Маңғыстау облысында тіркелген, бұл қатарға оңтүстік және батыстағы бірнеше өңір кірген.

Алдыңғы жаңалық

Степногорда мектептің бас бухгалтері бір жылда 36 млн теңге жымқырған

Келесі жаңалық

Жанболат Найзабек «Өнер қырандары» театрынан кетпек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі