aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Биыл Шымкентте «Аңсаған сәби» бойынша 429 квота бөлінген

19 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Биыл Шымкентте «Аңсаған сәби» бойынша 429 квота бөлінген
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы жолдауында «Аңсаған сәби» бағдарламасын бастап, экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота санын жеті есеге көбейтіп, 7 мыңға жеткізуді тапсырған болатын. Содан бері міне, елімізде қаншама отбасы балалы болып, бақытқа кенелуде.

Биыл Шымкентте «Аңсаған сәби» бойынша 429 квота бөлінген. Оның 50-і Алматыға аударылған. Себебі онда кезегін күткен аналар көп, ал квота шектеулі. Жыл басынан бері 322 анаға жасанды ұрықтандыруға жолдама берілді. Ал былтыр эконың көмегіне жүгінген 215 ананың 141 әйел балалы болған.

Статистикалық мәліметтер бойынша Шымкентте 1000-ға жуық жұп бала сүйе алмай жүр. Оның 340-ы ЭКҰ жасату үшін мемлекеттік квота алуға кезекке тұрған. Оның 322-сіне жолдама берілді. Қазір 40 әйел жүкті болса, ал 60 процедура нәтижесіз болған. Мамандар ана болуды армандаған әйелдер 42 жасқа дейін жасанды ұрықтандыру процесіне жүгіне алатынын айтады.

«Ең бірінші әйелдің гармонына қараймыз, жасына қараймыз. Бедеуліктің факторына да қараймыз. Осы 3 фактор бойынша жұмыс жасаймыз. Бізде Шымкентте 3 клиника бар. Олар Экомед, Клиника доктора Тарарака, ИРМ. Көбіне осы 3 клиникамен байланыста жұмыс істейміз”,- дейді репродуктолог Ақмарал Нұржанова.

Айта кетейік, бағдарлама бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған отбасылық жұптар да, жеке адамдар да қатыса алады. Қазақстанның азаматы болуға тиіс және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық талаптарға сәйкес келуі керек. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысатын адам міндетті түрде ерікті түрде жазбаша келісім береді.

Бағдарлама аясында ЭКО-ға жолдама алу үшін алдымен тіркелген жері бойынша емханаға бару міндетті. Сол жерде үміткерді бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тізіміне қосады. Одан кейін тексерістен өтеді. 12 айдың ішінде емхана бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда әйелді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркеп, емшараға дайындық басталады. Пациент экстракорпоралды ұрықтандыру клиникасын өзі таңдайды.

Айта кетсек, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасы жылына бір рет тегін жасалады.

Алдыңғы жаңалық

Алматыда 16 мыңнан астам адам алимент төлемей қашып жүр

Келесі жаңалық

Шымкентте «Бақытты отбасы - бақытты жан» жобасы қолға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі