aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

59 жастағы ер адам әйелінің басынан көсеумен ұрған

26 сентября, 2023
in Uncategorized
0
59 жастағы ер адам әйелінің басынан көсеумен ұрған
0
SHARES
60
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодар облысында 59 жастағы ер адам әйелінің басынан көсеумен ұрған. Сотта зардап шеккен әйелдің айыпталушыға ешқандай шағымы болған жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қылмыстық іс Екібастұз қалалық сотында қаралды. Іс материалдары бойынша биыл мамырдың басында Марғұлан ауылында ерлі-зайыптылар сөзге келісіп, арты жанжалға ұласты. Әйел оған балағат сөздерді айта бастаған кезде күйеуі ашуланып, пештің жанында жатқан көсеуді алып жұбайының маңдайына соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттардан құлағаннан соң ұрып-соққылар жалғасты. Медициналық сараптамаларға сәйкес әйел адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындады, ал жәбірленушіде материалдық және моральдік сипаттағы шағымдары болған жоқ.

«Ер адам ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», – делінген сот үкімінде.

Айта кетейік, сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша 59 жастағы ер адамның алкоголді ішуден туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен ауыратыны белгілі болды. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 91-бабы 1-бөлігінің 4- тармағының және 98-бабы 2-бөлігінің негізінде оған бас бостандығынан айыруды өтеу орны бойынша психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық, мінез-құлық бұзылыстарынан мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Алдыңғы жаңалық

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккені үшін салынатын айыппұл өседі

Келесі жаңалық

Павлодарда балабақша бухгалтері 60 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі