Павлодар — Астана автожолында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:50-де Павлодар — Астана автожолында Қалқаман кентінің маңында жолаушылар автобусы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жеке құрамнан үш адам және № 13 өрт сөндіру бөлімінен бір техника шықты. Жану аумағы 24 шаршы метрді құрады», – деді департаментте.
Автобуста жолаушылар болмаған, жүргізуші зардап шеккен жоқ.
Өрт сағат 11-07-де оқшауланып, сағат 11-14-де толық сөндірілді.