aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласында сарбаздар тобы әскерге аттанды

29 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент қаласында сарбаздар тобы әскерге аттанды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бірінші сарбаздар командасын Шымкентте салтанатты түрде шығарып салды. Қалалық жинақ пунктінің алаңында ҚР Қарулы Күштері қатарына бірінші команданы салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери сала ардагерлері, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.

Жаңадан Отан қорғаушылар атанғадар үшін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асылов сөз сөйледі. Ол әскердегі қызмет — әрбір азаматтың қасиетті борышы және әрбір қазақстандық отбасының тыныштығының кепілі екенін атап өтті, сондай-ақ жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

— Сарбаз болып сапқа тұрып, қару алу, әскери борышын орындау — әрбір ер адам үшін үлкен мәртебе. Біздің ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен біздің кең даламызды қорғап, оны қазіргі ұрпаққа, бізге аманат етті. Ата-баба мұрасына лайық болу — әр ұрпақтың міндеті. Сіздер біздің еліміздің бейбітшілігі мен жеріміздің тұтастығын сақтауға жанқиярлықпен қызмет ететін батыл жауынгер болатындарыңызға сенеміз. Әскери борышты абыроймен орындап, аман-есен оралыңыздар! — деді Қуаныш Жұмабекұлы.

Сондай-ақ, Қарулы Күштер ардагерлері қалалық кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, елдің қауіпсіздігін сақтау оның әрбір азаматының аса маңызды міндеті екенін атап өтті. Қорғаныс істері департаментінің бастығы Әбдіғабит Шегебаевтың айтуынша, бүгінгі күні ҰҚК Шекара қызметіне күзгі шақыру жоспарына сәйкес үшінші мегаполистен медициналық және психологиялық комиссиядан өткен 170 әскерге шақырылушы жіберілді. Бұдан басқа, бүгіннен бастап Қарулы Күштер қатарына әскерге шақыру жасындағы 450-ге жуық азамат шақырылады. Ал күзгі шақыру науқаны осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

— Салтанатты шығарып салу сарбаздар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсету үшін ұйымдастырылады. Біздің 30 сарбазымыз Қонаев қаласының десанттық-шабуылдау бригадасында қызмет етуге кетіп жатыр. Бірақ басында олар бір айлық курстан өтеді, онда оларға әскери істің негіздерін үйретеді. Біздің еліміздің қазіргі армиясында мерзімді әскери қызмет өткеру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Әскери қызмет тек бір жылды құрайды және байқалмай өтіп кетеді, ал аяқталғаннан кейін әр сарбаз еліміздің жоғары оқу орындарына тегін түсуге немесе келісімшартқа қол қойып, кәсіби әскери болуға мүмкіндік алады, — деп қорытындылады Әбдіғабит Шегебаев.

Шақыру науқанының жоспарына сәйкес бірінші кезекте ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелері, Мемлекеттік күзет қызметі, содан кейін – Қарулы Күштердің әскери бөлімдері, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы жасақталатынын атап өткен жөн. Ал төрт айдың ішінде Шымкенттен 18-27 жас аралығындағы 900-ден астам әскер шақырылады.

Алдыңғы жаңалық

Шымқала тарихи-мәдени кешеніне блок-тур ұйымдастырылды

Келесі жаңалық

Этносаралық татулық – саяси тұрақтылықтың берік іргетасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі