aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Форумда отбасы құндылықтарының маңыздылығы сөз болды

29 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Форумда отбасы құндылықтарының маңыздылығы сөз болды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, қоғамның түрлі саласындағы әйелдер рөлі» – атты аудандық форум өтті. Форумға Қаратау ауданына қарасты білім, денсаулық, мәдениет және спорт мекемелерінің басшылары, қоғам белсенділері қатысты. Аталмыш форум аудан аумағындағы іскер әйелдердің қатысуымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Форум спикерлері «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты Жанар Бектаева, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызы, қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова, Шымкент қаласы бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Жанетта Жазықбаева баяндама оқып, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбындағы әйелдер мен балалардың жағдайы кеңінен талқыланды.

–Қазіргі уақытта заңға біршама өзгерістер енгізіліп, әйел мен балаларды қорғай алатын дәрежеде деп ойлаймын. Әйелдермен жұмыс істеу барысында өзім де талай оқиғаға куә болып жүрмін. Киімсіз, құжатсыз баласын құшақтап үйлерінен қашып кететін әйелдер бар. Қазіргі заңға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы орын алған жағдайда ер адамды яғни агрессорды шығарып, әйел балаларымен үйде қалуға құқылы. Қиын жағдайға түскен әйелдерге дағдарыс орталықтары бар. Бірақ мұндай мәселенің салдарымен емес себебімен күресуіміз маңызды. Сондықтан әр аумақтың әкімдігінде отбасы және жастар басқармасы ашылуы керек деп ойлаймын. Тұрғындармен тығыз қарым-қатынастың негізінде мәселе өршімей тұрып, алдын алуға болады. Бүгін форумда осындай ұсынысымызды да жеткізіп отырмыз, – деді қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова.

Аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов форум спикерлері мен қатысушылар тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстар аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді. Форумның соңы аудандық білім беру мекемелерінің тәрбие саласындағы жауапты басшыларына арналған тренингпен жалғасып, қатысушыларға сертификат табысталды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Сайрам тұрғын алабында «VISIT SHYMKENT» туристік ақпараттық орталығы ашылды

Келесі жаңалық

Сапалы дене тәрбиесін қалыптастыру – сау ұрпақтың кепілі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі