aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қазақстан әнұранына құрметсіздік танытқан әскери қызметкер жазаға тартылды

29 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Қазақстан әнұранына құрметсіздік танытқан әскери қызметкер жазаға тартылды
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атырауда еліміздің әнұранын құрметтемеген әскери қызметкерге 50 АЕК, яғни 172 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

AtyrauPress жазуынша, 16 қыркүйекте Мақат ауданында «Зарница» әскери-спорттық ойындары басталар алдында Мемлекеттік әнұран шырқалған. Сол кезде әскери қызметкерлердің бірі жүрек тұсын оң қолының екі саусағын қойып, солайша әнұран орындалып жатқанда құрметсіздік танытқан.

Осыған байланысты Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығы облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудан әкіміне ұсыныс жолдады. Осылайша, Әнұранды құрметтемеген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 458-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Е-Өтініш жүйесінде тіркелген шағым полиция бөлімінде қаралды. Кінәлі азамат анықталып, оған заңға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды», — деді жергілікті полиция басқармасының басшысы Ерлан Биғамбаев.

Енді әскери қызметкер 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 172 мың 500 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Егер аталған соманы бір аптаның ішінде төлеп үлгерсе, тек жартысын ғана төлейді.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығының директоры Руслан Хамзаның айтуынша, мұндай жағдай осыдан төрт жыл бұрын болған.

«Атырауда «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығын ұйымдастыру барысында діни бірлестіктер арасында шағын футболдан ашық турнир өтті. Сайыс басында Әнұранды орындау кезінде оң қолын жүрек тұсына қоймаған, яғни мемлекеттік рәмізге құрметсіздік көрсеткен еліміздің екі азаматы кінәлі деп танылды. Олардың үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынған болатын», – деді Руслан Хамза.

Алдыңғы жаңалық

Сапалы дене тәрбиесін қалыптастыру – сау ұрпақтың кепілі

Келесі жаңалық

Қазақстанда үш шаһар қала мәртебесінен айырылуы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі