aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Бомба қойылған»: Екібастұз тұрғыны жалған қоңырауы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

29 сентября, 2023
in Uncategorized
0
«Бомба қойылған»: Екібастұз тұрғыны жалған қоңырауы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Екібастұздық тұрғын бомба туралы жалған қоңырауы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды  ІІМ баспасөз қызметі.

Ол бірінші қылмысын 2019 жылдың мамыр айында жасаған. Сол кезде оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Бірақ қала тұрғыны пробация қызметінің есебінде тұрып, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзуға жол берді. Сондықтан сот бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

1 жыл 26 күнді, яғни өзінің өтелмеген мерзімін Екібастұз тұрғыны қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізді.

Бостандыққа шыққаннан кейін ер адам тағы да осындай қылмыс жасады. Өткен жылдың желтоқсан айында полицияға қоңырау шалып, ол “әкімдік ғимаратында бомба бар” деп хабарлады.

«Мамандар ғимараттан жарылғыш зат таппады. Қажетті іс-шаралар кешенін өткізу нәтижесінде “жалған террорист” ұсталды. Ер адам өз әрекетін мойындап, туыстарымен жанжалдасып қалғаннан кейін осындай қадамға барғанын айтты», – деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаментінде.

“Телефон” террористінің ісі қалалық сотта қаралып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сотталған адам мемлекеттік органдарға 200 мың теңгеден астам сомадағы материалдық залалды және сот шығындарын төлеуге тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, ҚК-нің 273-бабы бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы көзделген.

Алдыңғы жаңалық

«Шалбарын шешіп жүрген»: Павлодарда мектеп ауласында ерсі әрекет жасаған ер адам жазаланды

Келесі жаңалық

Жолдаудағы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шымкентте қалай жүзеге асырылып жатыр?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі