aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Болашақта ХҚКО-лар жабылуы мүмкін ба?

4 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Болашақта ХҚКО-лар жабылуы мүмкін ба?
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алдағы уақытта еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарын қысқарту қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мархабат Жайымбетов халыққа қызмет көрсету орталықтарының болашағы туралы сұрады.

«Елімізде бұл орталықтардың болашағы бар ма? Кез келген қызмет түрін смартфондар арқылы алып жатырмыз. Сондықтан ХҚКО-лар қызметі қажет бола ма?», — деп сұрады депутат.

Өз кезегінде Цифрлық даму вице-министр Әсет Тұрысов мемлекеттік қызметтердің 20 пайызы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы іске асырылып жатқанын айтты.

«Тұрғындардың компьютерді немесе басқа да құрылғыларды меңгеру деңгейі әртүрлі. Сондықтан алдағы уақытта да адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінетіні анық. Атап айтқанда, ХҚКО-ларды дамытып, сондай-ақ «Қазпошта» жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көресету деңгейін кеңейте аламыз. Онлайн режимде eGov mobile, eGov арқылы қызмет көрсетуді жетілдіреміз», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, тілшілер сұрағына жауап беру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин ХҚКО қызметкерлерін қысқарту қарастырылмағанын айтты.

«Биыл шілдеден бастап қызметкерлердің жалақысын 50 пайызға өсірдік. Жалпы, мамандарды қысқарту мәселесі көтерілген жоқ», — деді ол.

Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

Келесі жаңалық

Шетелдегі 200 қазақ ұйымының жетекшілері Қазақстанда бас қосады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі