aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Шұғыл оқиға

АҚШ Украинаға Иранның тәркіленген қаруларын бермек

5 октября, 2023
in Шұғыл оқиға
0
АҚШ Украинаға Иранның тәркіленген қаруларын бермек
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ Украинаға тәркіленген мыңдаған ирандық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді береді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CNN ақпараттық агеттігіне сілтеме жасап.

Шенеуніктердің айтуынша, АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы осы аптада тиісті трансфер туралы жариялайтын болады.

Мұның қалай заңды түрде негізделетіні әлі белгісіз. Әдетте БҰҰ қолға түскен қаруды жоюды немесе сақтауды талап етеді. Байден әкімшілігі бірнеше ай бойы АҚШ-тың Орталық қолбасшылығының Таяу Шығыстағы нысандарында сақталған қаруды украиналықтарға қалай заңды түрде беру туралы ойластырып жатқаны мәлім болды.

Орталық қолбасшылық Украина Қарулы Күштеріне тәркіленген ирандық оқ-дәрілердің миллионнан астамын беріп үлгерді. Өткен жылы АҚШ Әскери-теңіз күштері Иранның Йеменге қару-жарақ жеткізу үшін пайдаланған кемелерінен мыңдаған ирандық автоматтар мен миллионнан астам оқ-дәрілерді тәркіледі.

Қаңтар айының ортасында АҚШ Француз қарулы күштерінің көмегімен Ираннан Йеменге бара жатқан 3000 Автоматты, сондай-ақ 23 танкке қарсы басқарылатын зымыранды басып алды. Содан кейін АҚШ тәркіленген қаруды сақтауға қабылдады. Осылайша операцияның екі айында АҚШ пен оның серіктестері барлығы 5 мың қару мен 1,6 миллион оқ-дәрі тәркіледі.

Әділет министрлігі мен қорғаныс ведомствосы өкілдерінің айтуынша, олар Украинаға қару-жарақ жіберудің заңды жолдарын іздеу үшін бірлесіп жұмыс істеек. Биыл Әділет министрлігі Иранның тәркіленген оқ-дәрілері мен қаруларын тәркілеу туралы кем дегенде екі талап арыз берді.

«Бір жылдан астам уақыт бойы Ресей әскери күштерінің қолында болған ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттары Украина азаматтарына шабуыл жасау пайдаланылды. Ол себепті Украна қылмыстық шабуылынан қорғану үшін Иранның қолға түскен қаруын қолдануы әділетті болмақ. Сонымен қатар, мұндай саясат Мәскеу мен Тегеран арасындағы дамып келе жатқан қатынастарға қысымды күшейтуі мүмкін», — деді Таяу Шығыстағы «Жаңа америкалық қауіпсіздік Орталығы» бағдарламасының директоры Джонатан Лорд.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда ірі қылмыстық топтарды ұстау операциясы жүріп жатыр

Келесі жаңалық

Алматыда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі