aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Шытырман

Сенат төрағасы: Мәслихат депутаттары арасында қос азаматтық дерегі анықталды

5 октября, 2023
in Шытырман
0
Сенат төрағасы: Мәслихат депутаттары арасында қос азаматтық дерегі анықталды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда қос азаматтығы бар мәслихат депутаттары да анықталды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

«Министрлік мәліметіне қарағанда, 2022 жылы қос азаматтықтың 841 дерегі анықталды. Ал биыл қаңтар-қазан аралығында 525 қос азаматтығы бар адам анықталды. Қос азаматтығы барлардың арасында жергілікті өкілді органдардың депутаттары да болған жағдайлар бар», — деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Бұл тұрғыда Сенат төрағасы елімізде заң талаптарын бұзатындарды жылдам анықтау керек екенін айтты. Яғни еліміздің Конституциясында қос азаматтыққа тыйым салыған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ішкі істер министрлігі қос азаматтығы бар адамдарды Қазақстан аумағынан шығаруға қатысты түсінік берді.

«Дегенмен, Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін соңғы бес жылда 3 515 (2018 жылы – 522, оның ішінде 425-іне айыппұл салынып, 97-сі елден шығарылды. 2019 жылы – 449, оның ішінде 393-іне айыппұл салынып, 56-сы елден шығарылды. 2020 жылы – 585, оның ішінде 543-іне айыппұл салынып, 42-сі елден шығарылды. 2021 жылы – 1118, оның ішінде 978-іне айыппұл салынып, 140 елден шығарылды. 2022 жылы — 841, оның ішінде 703-іне айыппұл салынып, 138 елден тыс жерге шығарылды) адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көбісі – Ресей азаматтары. Бұл ретте қос азаматтық фактілері анықталған барлық адам Қазақстан азаматтығынан айырылады», — делінген ведомство мәліметінде.

ҚазАқпарат

Алдыңғы жаңалық

Семейде "елес" қыз айыппұл арқалады

Келесі жаңалық

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі