aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Маңғыстауда 145 млн теңгеге сатып алынған өнер мектебі талапқа сай болмай шыққан

9 октября, 2023
in Uncategorized
0
Маңғыстауда 145 млн теңгеге сатып алынған өнер мектебі талапқа сай болмай шыққан
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Маңғыстаудағы Ақшұқыр ауылында 145 млн теңгеге сатып алынған өнер мектебі талапқа сай болмай шыққан. Бұл туралы ADILDIK JOLY қоғамдық бірлестігінің филиалынан мәлім етті.

Өнер мектебіне арналған ғимаратты сатып алуға 145 млн теңге жұмсалған.

Мониторинг кезінде еріктілер ғимараттың техникалық талаптарға сай келмейтінін анықтаған.

Техникалық талапта 32 кабинет болуы керек болса, сатып алынған ғимаратта 19 кабинет ғана бар.

Ал мектепте бес санитарлық тораптың біреуі де жоқ. Нысан оқу жылының басында ашылған.

— Орталықтың жұмыс істеп бастағанына бір айдан асты. Онда 500-ге жуық бала қосымша білім алады. Мектепте өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Бір де бір өрт дабылы датчигі орнатылмаған, өрт сөндіргіштер жоқ. Біз еріктілермен бірлесіп, мектеп өкілдерінің қатысуымен мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу шартының талаптарында көрсетілген бір де бір сәйкестік жоқ екеніне көз жеткіздік, — деді ADILDIK JOLY РҚБ филиалының директоры Асқар Жақсыбаев.

Қоғамдық ұйымның мониторингі барысында анықталған фактілерді растауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті органдар араласуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аудиторлық тексеру тағайындалған.

Алдыңғы жаңалық

Өскеменде қыз зорламақ болған 40 жастағы еркек ұсталды

Келесі жаңалық

Жеңіл көлік автобусқа соғылды: Алматы облысында 5 адам көз жұмды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі