Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қызды қырық үйден тиым» тақырыбында Ж.Аймауытов атындағы №64 гимназия мектебінің қыздары арасында семинар-тренинг өтті. Мақсаты — қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау.
Сонымен қатар, келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру.Семинар-тренингте отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіліп, қыз баласының отбасындағы рөлі жөнінде айтылды.
Мамандар отбасы мен бала тәрбиелеудегі ата-ана рөлін қалыптастыратын бірнеше кеңестерге тоқталды. Психолог кездесу соңында психологиядағы бірнеше әдістемелерді қолдана отырып, жастармен кері байланыс орнатып, жастарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Шцымкент қаласында жастарды болашаққа, яғни отбасылық өмірге дайындау, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған жұмыстар күнделікті жалғасып жатыр. Жастар ресурстық орталығының психологы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан колледжінің жастар арасында «Жастарды отбасылы өмірге дайындау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсаты — жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу.
Семинар-тренингте отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіліп, қыз бен ұл баласының отбасындағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, отбасы мен бала тәрбиелеудегі ата- ана рөлін қалыптастыратын бірнеше кеңестерге тоқталды. Семинар-тренинг соңында, жастармен кері байланыс орнатылды.