Шымкент қаласында Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Энергетика және байланыс колледжінде «Лайықты ұрпақ — болашақ кепілі» атты кездесу өтті.
Аталған кездесудің басты мақсаты — жастарды ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі, сондықтан әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп отыру керек екенін жеткізу. Сондай-ақ, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелестік қабілетін арттыра алатынын түсіндіру.
Іс-шараға Тұран ауданы әкімшілігінің маманы Сахов Мадияр Молдаханұлы қатысып жастардың патриоттық сана жігерін оятып, рухты болуға шақырды.
«Жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тұрғыда тәрбиелеу – бәрімізден бірлік пен ынтымақты талап ететін басты міндет. Сондықтан да жастардың жан-жақты, әрі олардың ізденісте, қозғалыста болуына ықпал етуіміз керек»,- деді Мадияр Молдаханұлы.
Жиында дін істері басқармасының теолог маманы Беккудов Серік жастарға дін жайында айтып, жастарды толғандырған бірқатар сұрақтар жауап берді.
Сонымен қатар, Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мамандығым-болашағым» тақырыбында №36 жалпы орта мектеп бітіруші түлектері Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрына экскурсия жасады.
Мақсаты жастарды тарихи-мәдени орындармен таныстыру. Ал бітіруші түлектер театр тыныс-тіршілігімен, қойылымға дайындықтарымен, актерларымен, киім, бутафор, реквизит цехтарымен кеңінен танысты.
Сонымен қатар, болашақта осы салада қызмет атқарғысы келетіндер, ғимараттағы мамандарға сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.