aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Тоқаев қазақ тілін ғылым мен техника тіліне айналдыруға шақырды

13 октября, 2023
in Uncategorized
0
Тоқаев қазақ тілін ғылым мен техника тіліне айналдыруға шақырды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Президент қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ең алдымен, қазақ тілінің қолданыс аясын арттыруға бағытталған практикалық жұмыстарға басымдық берген жөн. Оның ішінде білім беру ісіндегі, технологиядағы және медиа саласындағы қазақша контент пен цифрлық өнімдерді әзірлеуге айрықша мән беру қажет.

«Сондай-ақ Президент балаларға арналған анимациялық туындылар шығарудың, көпшілікке арналған кино өнімдері мен ғылыми-танымдық әдебиеттер қорын молайтудың, әлеуметтік желілерде ағартушылық бағыттағы арналар ашудың маңыздылығына назар аударды. Оған қоса ғаламдық цифрлық платформаларды қазақшалап, тіл үйренуге мүмкіндік беретін отандық ақпараттық жүйелерді көбейту қажеттігін атап көрсетті», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президент әртүрлі әлеуметтік топтардың, оның ішінде жастардың арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыруға арналған шаралардың қажеттілігіне ерекше тоқталды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамын мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмыс жүргізуге шақырды.

Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде мәдени, гуманитарлық сипаттағы ұйымдар эндаумент қорлар арқылы жұмыс істейтінін атап өтіп, Қоғам қызметін одан әрі жандандыру үшін осы тәжірибені енгізуді ұсынды және оған өз атынан үлес қосатынын мәлімдеді.

Өз кезегінде «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қордың бастамасымен жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспары жайында мәлімет берді.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында пациент дәрігерді пышақтап тастаған

Келесі жаңалық

23 жастағы Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысын жеңді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі