aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Таңғалдырған тағдырлар

Ақтөбеде немересі қарт әжесін үйден шығару үшін сотқа арызданған

14 октября, 2023
in Таңғалдырған тағдырлар
0
Ақтөбеде немересі қарт әжесін үйден шығару үшін сотқа арызданған
0
SHARES
391
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтөбеде қарт әжесін үйінен шығару туралы сотқа арызданған азаматтың ісіне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды  Ақтөбе облыстық соты.

Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Х-ның қарт әжесін үйінен шығару туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта қарт ерлі-зайыптылар 30 жыл бұрын ортақ тұрғын үй салып, онда балалар мен немерелерін өсіріп, кейін қызының көндіруі бойынша ортақ үйдегі өз үлестерін немересі Х-ға мұрагерлікке сыйлағаны белгілі болды. Мүлікті иеліктен шығаруға қарамастан, зейнеткерлер даулы тұрғын үйде тұруды, коммуналдық қызметтерді, салықтарды төлеуді жалғастыруда. Отбасылық жанжалдардың салдарынан немересі Х әжесін, сондай-ақ ағасын барлық отбасы мүшелерімен үйден шығару туралы арызбен сотқа жүгінді. Ол өзінің талабын тұрғын үйдің заңды және жалғыз иесі екендігіне, жауапкерлер үйді өз еркімен босатпауына және оған үйді өз қалауы бойынша басқаруға мүмкіндік бермеуіне негіз етті.

Сот шешімімен әжесі мен ағасы тұрғын үйден шығарылды. Алайда апелляциялық сатыдағы сотпен шешім өзгертіліп, жауапкерлерді шығарудан бас тартылды.

«Сот алқасы даулы тұрғын үйді бұрын қарт Т. иеленгенін, 2015 жылы сыйға тарту шартын жасау нәтижесінде оған тиесілі жалғыз тұрғын үйінен айырылғанын назарға алды. Қазіргі уақытта зейнеткер Т. есту қабілетінің бұзылуының ауыр дәрежесіне ие, созылмалы аурулардан зардап шегеді, диспансерлік есепте тұрады, кардиолог пен басқа мамандардың бақылауында. Заңға сәйкес, азаматтардың басқа адамға зиян келтіруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ оның мақсатына қайшы келетін құқықты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді. Алқа Т-ның қарт жасын, оның және талап қоюшының арасындағы туыстық қатынастарды, жауапкердің даулы тұрғын үйде ұзақ тұруын ескере отырып, парасаттылық пен әділеттілік критерийлерін ескере отырып, даулы тұрғын үйден әжесін шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдады», — делінген сот хабарламасында.

Апелляциялық соттың шешімі заңды күшіне енді.

Алдыңғы жаңалық

Арқалықтың түрмесінен 6 қылмыскер қашқан

Келесі жаңалық

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі