aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Қызыл бұрыш

Қытай сыртқы істер министрі Израильді «шектен шықты» деп сынады

16 октября, 2023
in Қызыл бұрыш
0
Қытай сыртқы істер министрі Израильді «шектен шықты» деп сынады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қытай сыртқы істер министрі Түркия, Сауд Арабиясы және Ирандағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесіп, Израильді «шектен шықты» деп сындады, деп хабарлайды Кazinform.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жазылғандай, Қытай сыртқысаясат ведомствосының басшысы Ван И 15 қазанда Сауд Арабиясы, Иран және Түркия сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті.

Ван И әңгімелесу барысында Израильдің Газа секторына қарсы қазіргі әскери операциялары өзін-өзі қорғау шегінен асып кеткенін айтты.

Оның атап өтуінше, кез келген ел өзін-өзі қорғау құқығын пайдаланған кезде жазықсыз бейбіт тұрғындардың құрбан болуы есебінен емес, халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауы керек.

Қытай министрі сондай-ақ, Палестина халқына қарсы әділетсіздіктің жарты ғасырдан бері жалғасып келе жатқанын, сондықтан Қытай Сауд Арабиясы және басқа елдермен бірге Палестинаның ұлттық құқықтарын қалпына келтірудегі әділ ісіне қолдау көрсетуге дайын екенін, Қытай Палестина мәселесінде ислам елдерінің «Бірыңғай дауыс шығаруын» қолдайтынын да баса айтты.

Айта кетейік, бұл Қытай сыртқы істер министрінің ХАМАС 7 қазанда шабуылын бастағаннан кейін Израильдің қарсы соққысын алғаш рет сынға алғаны. Бірақ, осы уақытқа дейін ол шабуылды бастаған ХАМАС-ты әлі ашық айыптаған емес. СІМ мәліметінше, ХАМАС-тың Израильге қарсы бұған дейін жасаған шабуылдарында Қытайдың 4 азаматы қаза тауып, алтауы жараланған, екеуі із-түзсіз жоғалған.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, Қытай үкіметінің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Чжай Цзюнь бейбітшілікті ілгерілетуді үйлестіру үшін осы аптада Таяу Шығыс елдеріне баруды жоспарлап отыр.

Алдыңғы жаңалық

Жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы арзандайды

Келесі жаңалық

Алматыда қар көшкіні астында қалған шаңғышы қаза болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі