aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны алма бағында қарасора өсірген

16 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Алматы облысының тұрғыны алма бағында қарасора өсірген
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысында алма бағынан ірі көлемде қарасора плантациясы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

«Алматы облысын тікұшақпен тексеру кезінде полиция қызметкерлері Түрген ауылының маңында «үнді» қарасорасының плантациясын тапты. Қарасора алма бағында 15 гектар жерде өсірілген. Жеміс ағаштарының арасында жасырылып отырғызылған есірткі өсімдігі толық суарылып, бапталған. Есірткі өнімін жасыру үшін оны өсірушілер осы тәсілді жиі қолданады. Көбіне олар жүгерінің, жеміс ағаштарының және басқа да дақылдардың плантациясында өсіріп жатады. Сондықтан қарасораны күз аяғында яғни ағаштар жеміс беріп, жапырақтары түсе бастаған шақта анықтау мүмкіндігі бар», — деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, жер учаскесінің иесі – бұрын есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылған жергілікті тұрғын. Одан жалпы салмағы 2,8 тонна болатын 900-ден астам үнді қарасорасының бұтасы тәркіленді.

«Қарасораның бұл сорты 4 метрге дейін жететін ұзындығымен және салмағы 10 келі бұтасымен ерекшеленді. Мұндай марихуананың бір келісінің құны қара нарықта жарты миллион теңгеге жетеді. Сондықтан құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинауға, өсіруге және сатуға байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған «Қарасора» арнайы операциясы маусым айынан қазан айының соңына дейін жалғасады», — дейді ол.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына басшы тағайындалды

Келесі жаңалық

Мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасы: алдын ала себебі аталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі