aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Парламент Ұлттық қордан балаларға ақша аударуды заңнамалық тұрғыда бекітті

18 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Парламент Ұлттық қордан балаларға ақша аударуды заңнамалық тұрғыда бекітті
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҚР Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының Сенат жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптарымен келісті, деп хабарлайды Kazinform.

«Заң жобасы 2023 жылғы 23 мамырда Парламент Мәжілісіне енгізілді. Құжаттың негізгі мақсаты — кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау. 2023 жылғы 20 қыркүйекте Мәжіліс қабылдаған заң Парламент Сенатының қарауына жіберілді. Сенат 13 қазанда заңды қайтарды және құжатқа 10 түзету енгізілді. Оның ішінде 5 түзету редакциялық-нақтылау сипатында, ал қалған бесеуі заңның жекелеген нормаларын заңнамалық актілерге сәйкес келтіруді көздейді. Атап айтқанда, мақсатты жинақтауда Бірыңғай зейнетақы қорындағы шоттарға аудара отырып, екінші деңгейлі банктерде, ұлттық пошта операторында ашылған банк шотынан аударуды реттейтін нормалардағы долларды теңгеге айырбастау «аударым күніне» емес, «аударым сәтіне» деп өзгертілді. Сонымен қатар, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңның қолданылуы тоқтатылуына байланысты терминологиялық біріздендіру үшін «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңына түзету енгізілді. Сенат енгізген түзетулер заңның тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мәжіліс комитеті Сенатының өзгерістерімен және толықтыруымен келісуді ұсынады», — деді Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары Сенат енгізген түзетулермен келісті.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» атты жобаны іске асыруды ұсынды. Бұл жоба — өскелең ұрпақтың ересек өмірге нақты жолдама алуына бағытталған алғашқы қадам. Қазір ресми деректер бойынша елімізде 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 6,7 млн адамды құрап отыр. Заңға сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында тең бөлу көзделген. Ұлттық қор қаражаты білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған нақты екі мақсатта пайдаланылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 12 қазанда Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жекелеген баптары мақұлданбады. Бұл ретте, аталған баптардың жаңа редакциясын ұсына отырып, құжат Мәжіліске қайтарылған еді.

Бұл тұрғыда заңның кейбір ережелерін ішінара сәйкестендіру ескерілген. Мұнымен қоса, Ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционерінің құзыретін регламенттейтін қайталанатын нормаларды алып тастау қарастырылды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңның қолданылуы тоқтатылуына байланысты «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңның нормаларына сәйкес келтіру қамтылған. Банктер мен салымшылар арасында даулы жағдайлардың туындау тәуекелдерін болдырмау мақсатында пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды төлеу қаражатын банктік шоттардан БЖЗҚ шоттарына АҚШ долларымен аудару кезінде «аударым күніне» емес, «аударым сәтіне» теңгемен айырбастау ескерілген.

Алдыңғы жаңалық

Петропавлда футбол алаңында жарақат алған жасөспірім көз жұмды

Келесі жаңалық

Қайрат Боранбаев Алматыдағы ірі сауда орталығы мен бірқатар нысанды мемлекетке қайтарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі