aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Қызыл бұрыш

«Мефедрон» жасырған екі студенті ұсталды

19 октября, 2023
in Қызыл бұрыш
0
«Мефедрон» жасырған екі студенті ұсталды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Солтүстік Қазақстан облысында 18 және 21 жастағы екі жігіт оңай олжаға кенелемін деп есірткіні арнайы жерге жасырумен айналысқан. Күдіктілер интернет дүкенде бір ай істер-істеместен ұсталды, енді 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер — облыс аудандарының тұрғындары. Жігіттердің екеуі де жақсы отбасында өскен, спортпен шұғылданып, колледжде білім алған. Жасы кішісінің спорттық жетістіктері де бар.

Шілде айында жігіттерді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі жасырып жүрген жерінде ұстады. Олардың біреуінен белгісіз заты бар 21 түйіншек тәркіленді. Екінші жігіт көрсеткен жерден тағы 2 түйіншек табылды. Сараптама оның жалпы салмағы 19,81 грамм болатын «мефедрон» екенін көрсетті. Бұл ең қауіпті синтетикалық есірткілердің бірі. Ұсталғандардың айтуларынша, олар осындай жолмен мол ақша таппақ болған.

«Күдіктілердің бірі есірткі сататын интернет-дүкенде бір айға жетер-жетпес уақыт қана жұмыс істеп үлгерген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

меф
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі
Жастардың осындай қылмыстық «бизнеске» түсіп қалуының алдын алу мақсатында қазір полицейлер профилактикалық жұмыстарды арттырды. Петропавлдағы мектептердің бірінде жуырда өткен кездесуде СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов жеңіл ақша таппақ болған жастардың интернет-дүкендерде тек 2-3 ай ғана істеп үлгеретінін айтты. Өйткені оларды полиция қызметкерлері қолға түсіреді. Десе де есірткі сатушылар оңай жолмен ақша табуға дайын адамдарды әлеуметтік желілер арқылы іздеп, табады екен.

СҚО полицейлері 9 айдың ішінде есірткі заттарын жасырудың 84 фактісін тіркеді.

Алдыңғы жаңалық

«Қазақстан» шахтасында өрт екі айдан бері сөндіріліп жатыр: Министр түсінік берді

Келесі жаңалық

Министр: Ерлерге қарағанда әйелдер көп темекі тартатынын байқап жүрміз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі