aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұхтархан Ділдәбеков: Қазақстанның намысы — біздің намысымыз

19 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Мұхтархан Ділдәбеков: Қазақстанның намысы — біздің намысымыз
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Олимпиада ойындары, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионаты және Азия ойындарының жеңімпазы.
Әні, міне дегенше 25 қазан — Республика күні де жақындап қалды. Сүйікті Отанымызға айтар кеп көп, тілек көп. Барша Отандастарымызды осынау мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Боксқа кешегі, бүгінгі өлшеммен қарағанда өте кеш келдім. Жасөспірімдер және жастар құрамасының тезінен өткен жоқпын.
Бапкерден жолым болды. Нұрғали Сафиуллиндей мықты бапкердің арқасында халықаралық жарыстарда үздік шыға бастадым.
2000 жыл. Сидней олимпиадасы. Мұндағы басты фоварит кубалық Алексис Рубалкаба. Алдында Қарағандыда өткен ірі жарысқа келіп, Өзбекстанның апайтөстерін құлатып кеткен. Мені де оңдырмаған. Бірақ, төрт раунд шайқастық. Бұл жолы жақсы дайындықпен келіпті. Алдымен атақты неміс боксшысын кескен теректей құлатты.
Спорт басшылары менің Рубалкабамен шықпағанымды қалады. Бапкерім айтты.
Жоғарыдағылар айтты. Мұхтархан нокаутқа түсіп, әлемге масқара боламыз деген қауіптері бар сияқты.
— Бокстасамын,-дедім қырсығып. — Жер түбі Сиднейге кубалықтан таяқ жеуге келмеген шығармын. Мұхтархан қорыққанынан шықпай қалды десе елдің бетіне қалай қараймын. Қазақстан мені неге таңдады, осы жолда өліп кетсем де шығамын.
Әрі қарай өздеріңіз көрдіңіздер ғой. Ютубта әлі жүр. Құлаштап ұрып нокдаунға да түсірдім. Мәрт жігіт екен. Жарыстан соң разы болып, құшағына қысты.
Расын айтсам, Отанымның намысы жібермеді. Жеңсем деген үміт болды, жеңдім.
Қазір Қазақстандағы ауыр салмақтағы боксшылар сынға ілігіп жүр.
Өз басым Қамшыбек Қоңқабаевқа ризамын.
Баходир Жалолов — әлемдік санаттағы үздік боксшы. Әуесқой бокста барлық биікті бағындырды. Десе де Қамшыбек Азия ойындарында арыстандай арпалысты. Соңғы раунд қазақ боксшысының еншісіне жазылды. Тағы бір раунд болғанда әбден шаршаған Жалоловтың жағдайы қандай болары белгісіз еді.
Біз спортта жүргенде Қазақстандай мықты елдің ұланы екендігіміз жүректі жылытатын.
Рас, тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуі, маңайын бағдарлай алмағандық, жеке басқа табынушылық пен сыбайлас жемқорлыққа бой алдыру талай қателіктерге ұрындырды. Бүгінгі Президентіміз жаңа, әділетті Қазақстан құруда таудай еңбек етіп жатыр. Өз басым Отанымызды әлемдегі өркениетті елдердің көш басынан көргім келеді. Сіздердің де солай ойларыңызға сенемін.
Мемлекеттігіміз баянды болсын. Республика күні құтты болсын, бауырлар!

Алдыңғы жаңалық

Қазыналы қарттардың тілегі

Келесі жаңалық

Түркістандық ару өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионы атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі