Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Акбар базарында мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ақпараттар беріліп, анықтамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар, «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар берілді.
Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы қызметкерлері Айна базарында «Жастардан жастарға – ақпараттық керуен» жобасы аясында мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жобаның мақсаты — жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру және NEET санатындағы жастар үлесін азайту.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» мен жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары насихатталды.
Бұл жұмыс қаратау ауданында да жалғасын тапты. Аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» пен Еңбек мобильділігі орталығы мамандары бірлесе отыра, Бозарық елді мекенінің жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – шалғай елді мекен тұрғындарын түрлі мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттармен қамту.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік гранттар мен «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орындары» туралы ақпараттар толыққанды мағлұматтар беріліп, сауалнамаларға жауап берілді.