aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Алматыдағы оқушы зорлығы: баланың анасы видео жариялап, тағы да көмек сұрады

26 октября, 2023
in Uncategorized
0
Алматыдағы оқушы зорлығы: баланың анасы видео жариялап, тағы да көмек сұрады
0
SHARES
61
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыдағы халықаралық мектептің 1-сыныбында оқитын баласы зорлық құрбаны болды деп мәлімдеген тұрғын тергеу жұмыстарына наразы екенін айтып, үндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Желіде жарияланған видеосында әйел медициналық сараптама қорытындысына және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысына көңілі толмайтынын айта келе, құқық қорғау органдарының күдіктінің кім екенін әлі таппағанын жеткізді.

«Оқиға болғанына бір айдан астам уақыт өтсе де, қылмыскер табылмай отыр. Себебі неде? Тергеу жұмысы нашар жүріп жатыр ма, әлде халықаралық мектеп еліміздің заңдарына бағынбай ма? Неліктен директорды тым болмағанда тергеу кезінде қызметінен шеттеткен жоқ? Неліктен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева моральдық-құқықтық көмек көрсетудің орнына, баламнан үшінші рет жауап алуды талап етіп отыр? Елдің басты омбусменінің бар жұмысы осы болуы тиіс пе еді?», — деп сұрайды ана.

Ол баласының қазіргі жағдайы психолог көмегін қажет ететінін атап өтті. Әйел ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Бас прокурор Берік Асыловқа жүгіне отырып, ресми сауалдарына жауап алмағанын, сол себепті осы үндеуін жариялауға мәжбүр болғанын атап өтті.

Ол сондай-ақ медициналық сараптама қорытындысында зорлыққа еш қатысы жоқ қорытындылар жазылғанын айта келе, әбден шарасының таусылғанын, кімнен көмек сұрарын білмей тауы шағылғанын айтып, көз жасына ерік береді.

«Кінәліні жалғыз мен іздеуім керек пе еді? Мен қарапайым ғана әйелмін, жоғарыда ешқандай байланысым жоқ, сол себепті де әділ тергеуге әһқол жеткізе алмаймын ба? Неге мектеп пен полиция қылмыскердің бос жүргеніне мүлдем мән бермейді? Әділ тергеу үшін несие алып, халықаралық сарапшыларды жалдауым керек пе? Мен бұдан былай бірде-бір бала зорлық көрмесе екен деп тілеймін», — дейді әйел.

Еске салайық, Алматының халықаралық мектебінде 1-сынып оқушысы зорлыққа ұшырағаны туралы баланың анасы жариялады. Оқиға 11-13 қыркүйек аралығында болғаны айтылды. Жаңа ұстатарлық жағдайды Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева да өз бақылауына алғанын мәлімдеген болатын. Қазіргі кезде тергеу амалдары да жалғасып жатыр. ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев аталған іске қатысы сараптама тағайындалғанын, алайда күдіктінің әлі анықталмағанын мәлімдеген болатын.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте кардиология саласын дамыту бойынша халықаралық конференция басталды

Келесі жаңалық

Ақтөбеде студент алаяқтық жолмен өзгенің атына несие рәсімдеген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі