aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттік дәрігерлер жүрекке күрделі ота жасады

27 октября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкенттік дәрігерлер жүрекке күрделі ота жасады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қалалық клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет жасөспірімге жүрекке күрделі ота жасалды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Туа бітті жүрек ақауы диагнозы 16 жасқа дейін пациентте ешқандай белгісі байқалмаған. Анасының айтуынша, бала спортпен айналысып, өзін сергек сезінген.

— Ұлым кенеттен бет-аузы ісініп, қан қысымы қайта-қайта көтеріле берді. Жедел жәрдеммен ауруханаға келдік. Мұнда дәрігерлер жедел ота жасау керек екендігін айтқанда өзіміз де түсінбей қалдық. Дәрігерлер дер уақытта көмек көрсетіп, балама еш жерін кеспей, лазермен ота жасады, — деді науқастың анасы Мадина Әзімова.

Мамандардың айтуынша, Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына мұндай диагнозбен түскен науқастар бұған дейін де болған. Дегенмен ота алғаш рет жасалған. Қазіргі уақытта ауруханада білікті дәрігерлер жеткілікті, ота жасауға мүмкіндік те мол. Сондықтан да дәрігерлер бұл ота түрін қолға алып отыр.

—Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, балада туа бітті жүрек ақауы диагнозы анықталды. Екінші күні дәрігерлердің шешімімен лазерлік ота жасалып балаға аклюдер аппараты қойылды. Ота 25 минутқа созылып, сәтті өтті. Қазіргі таңда науқас бала дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты, — деді ангиохирургия бөлімінің меңгерушісі Олжас Шынтасов.

Айта кетейік, жақында аталмыш балалар ауруханасында қояншық (эпилепсия) ауруына да тұңғыш рет ота жасалған. Ол ота түрі де сәтті өтіп, дәрігерлер басқа да науқастарға жасауды жоспарлап отыр.

1300 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте қоғамдық көмекшілер марапатталды

Келесі жаңалық

Шымкент халқы Республика күнін атап өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі