Қарағандының орталық көшелерінің бірінде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол апаты бүгін, 2 қараша күні сағат 10:50–де Бұқар жырау даңғылындағы «Шығыс» базары маңында болған.
39 жастағы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Апат салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 15 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталғанфакт полицияда тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.