aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыда бірінші сынып оқушысының зорлануы: сараптама қорытындысы жарияланды

6 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Алматыда бірінші сынып оқушысының зорлануы: сараптама қорытындысы жарияланды
0
SHARES
97
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы полициясы жекеменшік мектептердің бірінде 7 жасар баланы зорлау фактісіне қатысты сот-медициналық комиссия сараптамасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы қалалық Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігімен қарастырылған қылмыс бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Сот-комиссиялық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша баланың денесінде сыртқы және ішкі жарақаттар табылмады. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Сондай-ақ геномдық ДНҚ сараптамасы жүргізілді, ол бөгде биоматериалдың жоқ екендігін анықтады», — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бақылау камераларына түскен бейнежазбалар тергеу үшін тәркіленіп, мұқият сараптамадан өтті. Алайда қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, атап айтқанда, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу туралы мәліметтер жария етуге жатпайды.

Еске салайық, қазан айының басында Алматы тұрғыны 1-сыныптағы баласының зорланғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Кейін Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков аталған дерек Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелгенін және бірқатар сараптама тағайындалғанын айтқан еді.

Қазан айының соңында 7 жастағы оқушының анасы тағы бір мәлімдеме жасап, еліміздің Ішкі істер министрі мен Бас прокурорына жүгінді.

Алдыңғы жаңалық

Арнайы операция: Құны 4 млрд теңге болатын апиын тәркіленді

Келесі жаңалық

Ақорда Путиннің Қазақстанға қашан келетінін нақтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі