aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркі мемлекеттерінің ақпарат альянсы құрылды

9 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркі мемлекеттерінің ақпарат альянсы құрылды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркітілдес елдердің ақпараттық альянсы құрылды. Тиісті құжатқа бес елдің өкілдері Түркияда қол қойды, деп хабарлайды  qazaqstan.tv телеарнасы.

Альянстың құрамына Қазақстаннан «Qazcontent», Түркиядан «Анадолы», Әзербайжаннан Azertac (Әзертаж), Қырғызстаннан KABAR, Өзбекстаннан UZA халықаралық ақпарат агенттіктері кіреді.

Бұдан былай түркітілдес мемлекеттер арасында ақпарат алмасу, жалған жаңалықтарға қарсы бірлесе күресу және өзара тәжірибе алмасу жеңілдейді. Бұдан бөлек «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы бірлік және болашаққа көзқарас» тақырыбында өткен Түркі мемлекеттері ақпараттық агенттіктерінің медиа-форумында цифрлық құралдарды тиімді қолдану және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы да талқыланды.

«Бауырлас елдердің ақпарат агенттіктерінің қатысуымен өткен саммит осы салада бірлесіп не істеуге болатынын көрсететін бетбұрыстың бастауы деп үміттенеміз. Түркі ақпарат агенттіктері одағының құрылуы «Түркі әлемі 2040 стратегиясына» үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Бүгінде коммуникация, медиа және ақпарат салаларында қуатты болу — таңдау емес, міндет», — деді Түркия президенті жанындағы коммуникация басқармасының басшысы Фахреттин Алтун.

«Түркі елдері ұйымының мерейтойлы 10- шы саммиті өтті. Сол жерде мемлекет басшылары, Қазақстан президенті де ықпалдастықты байланысты күшейту жөнінде көп мәселелер айтылды. Бүгінгі мына альянс құрылып жатқаны сол мемлекет басшылары бастаған соның бірі айқын дәлелі деп есептеймін. Қолға алынып, іс жүзінде басталып жатқан шаруаның бір бөлігі», — дейді «Qazcontent» мемлекеттік ақпараттық агенттігінің басқарма төрағасы Бекзат Жүсіп.

Алдыңғы жаңалық

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Келесі жаңалық

Абай облысында мекеме есепшісі өмірде жоқ адамдардың есебінен айлық алып отырған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі