aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Шытырман

Таразда алаяқтар бөтеннің үйлері мен пәтерлерін иемденіп, сатумен айналысқан

14 ноября, 2023
in Шытырман
0
Таразда алаяқтар бөтеннің үйлері мен пәтерлерін иемденіп, сатумен айналысқан
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Азаматтық істерді талдау нәтижелері бойынша облыс прокуратурасы нарықтық құны 300 миллион теңгеден асатын 20 жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңсыз иемдену схемаларын анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қаскүнемдер Таразда иелері қайтыс болған немесе басқа мемлекетке көшіп кеткен иесіз пәтерлер мен үйлерді анықтап, жалған құқық белгілейтін құжаттарды жасап, басқа тұлғаларға сату мақсатында жеке бас пайдасына оларды иемденген.

«Аталмыш қылмыстар заңсыз шешімдердің қабылдануына ықпал еткен сотқа қолдан жасалған дәлелдемелерді ұсыну, жалған сот шешімдерін, заңсыз нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырылған.

Облыс прокуратурасы пәтерлерді заңсыз иемдену деректері бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша 6 қылмыстық іс тіркеді», — делінген хабарламада.

Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес меншік иелері (өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер) болмауына байланысты аталған объектілер әкімдіктің талап қоюлары бойынша соттың иесіз деп танылуына және коммуналдық меншікке айналуына жататынын атап өту керек.

«Былтырғы жылы 20 объектінің 3-еуі бойынша 1 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл Тараз қаласы №2 сотының 2023 жылғы 6 қазандағы үкімімен 2 пәтерді жымқырғаны үшін екі тұлға 2-ден 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды», — делінген хабарламда.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жылжымайтын мүліктің қалған 15 объектісі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

Алдыңғы жаңалық

Бишімбаев ісі: "Гастро-орталық" директоры 2 айға қамауға алынды

Келесі жаңалық

Таразда жүкті әйелдің басына бағдаршам құлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі