«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында мәслихат депутаттары мен фракция мүшелері Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың есептік баяндамасын тыңдады. Бұл туралы партия филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкентте бүгінгі таңда 2023 жылдың 1 қарашасына дейін жалпы 18 956 адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде — 10607 адам тұрақты жұмысқа, 8349 адам субсидияланатын уақытша жұмысқа орналасқан.
Жастарға қолдау көрсету мақсатында биыл 261 азаматқа жеңілдетілген несие беру көзделген. Бүгінгі таңға 231 үміткер бизнес жобасын өз деңгейінде қорғап, комиссия қорытындысымен оң шешім тапты. Бес мыңнан астам жұмыссыз азамат қысқа мерзімді оқуға жолданып, кәсіптік білім алуда. Оқу сәтті аяқталған соң ол азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылады. Биыл қаламызда 452 адам грант иегері атанды.
Мүгедектігі бар азаматтарды оңалту шаралары мен зейнет жасындағы азаматтарға да әлеуметтік қолдау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Еске сала кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасында қызметкерлердің құқықтарын қорғау, қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Жалпы, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде 2027 жылға дейін 1,5 миллионнан астам жасты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған.
Айта кетсек, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде қамтылған азаматтардың 11 286-сы кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша іріктелген. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқытуға 1900 азамат қатысып, 447 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінге дейін 228 адам мемлекеттік грант иегері атанып отыр. Сонымен қатар, 7 856 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданып, 9 156 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 5 066 адам кәсіптік оқытуға жіберілді. Ал, 23 420 азаматты Шымкент қаласында іске асырылып отырған ұлттық жобалар және азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған
ҚР Президентінің тапсырмасына орай биыл 21-35 жас аралығындағы 261 азаматқа жеңілдетілген 2,5 пайыздық шағын несие беру жоспарланған. Бүгінге дейін 379 үміткер бизнес жобасын таныстырып, оның 209-ы комиссияның оң қорытындысына қол жеткізген. Нәтижесінде 145 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап үлгерген.
2000 символ