aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қай министрліктер мен әкімдіктер бюджет қаржысын игере алмаған?

15 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Қай министрліктер мен әкімдіктер бюджет қаржысын игере алмаған?
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл 10 айда 4 министрлік пен 4 облыс әкімдігі бюджет қаражатын ең көп иегере алмаған. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары — 98,2, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,2 пайызға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 18 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 107 млрд теңгені құраса, оның ішінде үнемдеу 16 млрд теңге болды. Игерілмегені – 91 млрд. теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат; Су ресурстары және ирригация; Экология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты», — деді Дәурен Темірбеков.

Вице-министр игерілмеудің негізгі себептері ретінде конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізуді, өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуін, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамауын, шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақтылы ұсынылмауын, төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілгенін, министрліктердің қайта ұйымдастырылуын атады.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 10 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны — 294 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қарашаға 1 трлн 261 млрд теңге бөлінген. Оның 94,4 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 71 млрд теңге, оның ішінде 2 млрд теңге – үнемдеу. 69 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу Астана және Алматы қалаларында, Маңғыстау және Ақмола облыстарында қалыптасты», — деді ол.

Алдыңғы жаңалық

«Жын кіріп кетті»: Арыстағы педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды

Келесі жаңалық

«Сыбаға» алып, мемлекетке 970 млн теңге залал келтірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі