Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ақсақалдар кеңесі» төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері, «Шымкент қаласының Өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы орынбасары Ш.Омаров Химфарм тұрғын алабында халықпен кездесіп, азаматтық келісімді нығайту, елдің ішкі бірлігін бекемдеу тақырыптары қозғалды.
Кездесу барысында жалпыұлттық бірлікті ілгерілету, еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру жан-жақты мәселелері сөз болды.
Мұндай кездесу Шымкент қаласы Забадам тұрғын алабында да жалғасын тапты. Халықпен кездесуде азаматтық келісімді нығайту, елдің ішкі бірлігін бекемдеу тақырыптары қозғалды.
Тұрғындармен жүздесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері, «Шымкент қаласының Өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Ш.Рузметов арнайы келіп, жалпыұлттық бірлікті ілгерілету жөніндегі келелі ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру жан-жақты мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері Тассай шағын ауданындағы жергілікті тұрғындар және жастармен кездесті.
Ашық форматта өткен кездесуде қоғам тұрақтылығын сақтау, елдің ішкі бірлігін нығайту, өзара сыйластықты арттыру, жастар арасындағы тәрбие, жастардың әскери борышты өтеуі, отансүйгіштікке баулу, әлеуметтік желілерде ұлтаралық алауыздыққа жол бермеу жөнінде айтылып, өзара пікір алмасулар жасалды.