aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино құрамасымен кездеседі

17 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино құрамасымен кездеседі
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бізге керегі тек жеңіс». Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев ертеңгі ойынға қатысты пікірімен бөлісті. Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны қабылдайды. Команда көшбасшылары Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зайнутдинов жарақатқа байланысты ойынға қатыса алмайды. Алайда олар командамен бірге болып, алдағы матчтарда әріптестеріне қолдау көрсетпек, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Ұлттық құрама жаттығу жұмыстарын ойдағыдай өткізіп жатыр. Бас бапкердің сөзінше, жарақат пен ескерту қағаздарына байланысты негізгі құрамда өзгеріс болуы мүмкін.

Жалпы Қазақстан іріктеу турнирінің 8 ойынынан кейін 15 ұпай еншілеп, өз тобында үшінші орында келеді. Ертеңгі матчтан кейін жерлестеріміз 21 қараша күні Словения құрамасына қонаққа барады. Екі ойында жеңіске жетсе, ұлттық құрама Еуро-2024 додасына өтуі бек мүмкін.

«Менің көзқарасым бәріне белгілі. Бізде нақты бір көшбасшы жоқ. Бізде тұтас ұжым көшбасшы. Мен — командалық бапкермін. Ешқандай Адиевтің феномені жоқ. Қазақстан командасының феномені бар. Біз жұдырықтай жұмыла білсек, мықтымыз. Құрамада өзгерістер бар. Оны ертең алаңнан көресіздер», — деді футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Ойын бүгін «Астана-Арена» стадионында кешкі сағат 21:00-де басталады.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қаласының туристік орталыққа айналу әлеуеті бар

Келесі жаңалық

Шымкентке жарты жылда 215 098 турист келген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі