aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сұйытылған газ бағасы қашаннан бастап қымбаттайды?

20 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Сұйытылған газ бағасы қашаннан бастап қымбаттайды?
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінде республикада айына 135 мың тонна сұйытылған мұнай газы өндіріледі. Тұтыну мұнан көп. Соған байланысты тапшылық туындайды. Автомобиль иелерінің көпшілігі сұйытылған мұнай газына ауысып жатқанын білеміз. Газ балонын орнату реттелмейді», — деді ол БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Оның атап өтуінше, өндіріс тұтыну көлемін қамтамасыз ете алмай отыр.

«Сондықтан да бірқатар шара қабылдадық. Теңізшевройлмен ішкі нарыққа ай сайын 10 мың тонна газ жеткізуге уағдаластық. 13 қарашада сұйытылған мұнай газының экспортына толық шектеу енгіздік. Казросгаз компаниясымен Орынбор мұнай өңдеу зауытынан сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін бағыттау туралы келістік. Қазіргі уақытта тапшылық байқалмайды», — деді вице-министр.

Мұнан бөлек ол келесі жылдан газ бағасы көтерілетіндігін айтты.

«Энергетика министрлігі газ бағасын біртіндеп көтеруді көздейді. 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылдың ішінде газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырмақ»,- деді Әлібек Жамауов.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда бір жылда әлеуметтік салада не өзгерді?

Келесі жаңалық

Жанат Өтебаева Шымкент қаласының Жұмыспен қамту басқармасына басшы болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі