aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте БАҚ өкілдері жиһаз шығаратын кәсіпорында болып қайтты

20 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте БАҚ өкілдері жиһаз шығаратын кәсіпорында болып қайтты
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отандық өнеркәсіпті дамыту, оның танымалдылығын арттыру бағытындағы «Отандық өндіріс» медиа-жобасы аясында баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара барысында БАҚ өкілдері «Тассай» индустриялық аймағындағы жиһаз өндіруге маманданған «Mega SMART» ЖШС-ның жұмыс барысымен танысты.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі отандық өнеркәсіпті танымал ету және қазақстандық тауарлардың имиджін арттыру мақсатында бірлескен «Отандық өндіріс» медиа-жобасын іске қосқан болатын. Жоба еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарының оң тәжірибелерін көрсету, отандық тауарлар мен қызметтердің имиджін жақсартуды мақсат еткен.

«Мега Смарт» ЖШС-і МДФ жылтыр плитасын дайындап, кеңселерге қажетті жиһаз өндіреді. Еліміздегі баламасы жоқ бірегей өндіріс орны 2016 жылы іске қосылған еді. Кәсіпорын Оңтүстік Корея технологиясымен жабдықталған. Жылына 120 мың плитаны нарыққа шығарып жатыр.

Цех басшысы Мардан Сәлімбековтің айтуынша, дайын өнімдер Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия елдеріне экспортталады. Ішкі нарықта 11 аймақ қамтылған. Бүгінгі таңда 57 жұмысшы бар. Цех басшысы мамандар жеткілікті екенін атап өтті.

Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар шығаратын «Мега Смарт B2B» ЖШС былтыр іске қосылған болатын. Кәсіпорынның техникалық бөлімінің басшысы Руслан Тұрмаханов қазіргі таңда жылына 5000 дана жиһаз жиынтығы дайындалатынын айтады. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер Ресей, Германиядан алынады екен.

Мұнда барлығы автоматтандырылған. Дайын өнімдер Астана, Алматы қаласына, Түркістан облысына жіберілуде. Қазіргі уақытта жиһаз өндірісінде 150 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылары өндірісті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Жиһаз өндірісіне қажетті шикізат Ресейден жеткізіледі. Ұсақ-түйек құралдар Германиядан алынғанымен бұйымға қажетті материалдың басым бөлігі қазақстандық.

Фабрика үш бағытта жұмысты жандандырып отыр. Олар жұмсақ және корпусты жиһаз шығару мен метал өңдеу. Бұл шаруамен жергілікті 150 азамат айналысуда. Оларға шет елден алынған құрылғылардың көмегі орасан.

Айтып өтейік, ел аумағында «Отандық өндіріс» медиа-жобасы іске асырылмақ. Жергілікті билік соның негізінде отандық өнімнің танымаклдылығын арттырып, сұранысты еселемек ниетте. Бүгінгі баспасөз-туры осы бастаманың алғашқы қадамы.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Арнайы техникалардың қысқа дайындығы пысықталды

Келесі жаңалық

Ресейде өзбекстандықтар топ болып төбелесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі