Шымкент қаласында 10 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 514,3 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122%-ДЫ құрады. Осы жылдың 721,7 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде.
Шымкентте 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,8 трлн. теңгеге 275 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Онда жаңа 32 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде, 2023 жылы құны 128 млрд. теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 108 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда аталған жобалардың ішінде жалпы құны 45,2 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба 1317 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.
2023-2027 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 401,5 млрд. теңгеге 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 103 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Осы жылы жалпы құны 14,6 млрд. теңгеге 413 жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды. Бүгінгі таңда 10,7 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылды.
Қала аумағында жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Оның 358 млрд. теңге сомасына 337 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңға 216 млрд. теңгені құрайтын 273 жоба 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.
Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламадан бөлек «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы шеңберінде кіші кәсіпорындарды қолдау шарлары жүгізіледі.
Нақтырақ айтқанда, тоқтап қалған кәсіпорындардың жұмысын жандандыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлерге дайын өдірістік алаңдар ұсынылады. Қазіргі таңда 3 өндірістік алаң жұмыс істейді. Яғни кәсіпкер бизнеске арналған жобасын жоғарыда аталған фронт-офиске алып барып, тапсырады. Ол өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралады. Бағдарламаның тиімділігі – кәсіпкер ғимарат салғаннан гөрі дайын ғимаратқа шет елден қажетті құралдарын алдырып, жұмысын дереу бастап кете алады. Өндірістік тараптың жалдау ақысын да мемлекет өтеп береді. Кәсіпкерге бірінші жылы 75 пайыз мемлекет тарапы өтеп берсе, екінші жылы 50 пайызы, үшінші жылы 25 пайызын өтейді. Аяқтан тұрып кеткен жағдайда кәсіпкер ары қарай бизнесін ұлғайтуға ұсыныс білдірсе, арнайы индустриалды аймақтардан жер учаскесін де қарастыруға мүмкіндік бар.
2000 символ