aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент тұрғындары интернет-алаяқтарға 720 млн теңге беріп қойған

21 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент тұрғындары интернет-алаяқтарға 720 млн теңге беріп қойған
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте интернет алаяқтарына алданып қалғандар көп. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Шымкентте жыл басынан бері 786 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген. Жергілікті тұрғындарға келтірілген шығын көлемі жалпы 720 млн теңгені құрайды.

«Азаматтарға интернет-алаяқтыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, аталған қылмыс саны азаяр емес. Осыған байланысты тұрғындарға алаяқтықтан сақ болуды ескертеміз», – деді полиция полковнигі Арман Бейсенбаев.

Тәртіп сақшысының айтуынша, интернет-алаяқтар арам ойын іске асыру үшін мына әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданады:

Олар өздерін «банк қызметкері» немесе «құқық қорғау органдарының өкілі» ретінде таныстырады. Жалған нөмірлермен қоңырау шалып, сіздің есепшотыңыздағы ақшаларды шұғыл басқа шотқа аудартуға немесе атыңыздан несие рәсімдеуге тырысады.
Ал кейбіреулері интернеттің мүмкіндігін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың атын пайдаланып, еліміздегі ірі кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы ақшаңызды көбейтуге шақырады.
Алаяқтардың ең жиі қолданатын тағы бір әдісі – тауарлай несиені қолма-қол ақшаға айырбастап беруге сендіреді, (обналичка жасайды) түбінде сізді тақырға отығызып кетеді.
Төртіншіден, қазіргі таңда кең тараған интернет-алаяқтық хабарландыру сайттары арқылы, яғни «ОLХ», «Krisha», «Кolesa» платформаларында жасалады. Онда, түрлі мүліктерді сатылымға шығарып, адамдарды тарту үшін арзан бағада сапалы тауарларды ұсынады. Сондай-ақ, қызығушылық танытқан азаматтарды шешім қабылдауға асықтырып, алдын ала төлем жасауға көндіреді.
Тағы бір айта кететін жайт, өз атыңызға ашылған банк карталарын бөтен азаматтарға сатпаңыздар және жалға бермеңіздер. Олар оны теріс пиғылын жүзеге асыру үшін пайдаланады. Ал бұл жағдайда заң алдында сізге де, қылмыскерге де қатаң жаза қарастырылған.

Алдыңғы жаңалық

Ресейде өзбекстандықтар топ болып төбелесті

Келесі жаңалық

Президент 23 қарашада Минскке, 24 қарашада Бакуге барады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі