aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі халықтың шағымдарын атады

21 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Әлихан Смайылов мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі халықтың шағымдарын атады
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қажетті ақпараттар деректер базасында болған кезде өтініштер мен растайтын құжаттарды жинау тәжірибесінен алшақтау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы электрондық форматта қолжетімді. Олардың басым көпшілігін смартфондағы қосымшалардың көмегімен алуға болады. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды факторы болып табылады. Процестерді цифрландыру мемлекеттік органдарға өтініш беру, анықтамалар алу сияқты қағазбастылықты барынша азайтуға мүмкіндік берді. Бұл – дебюрократизация ғана емес, сонымен қатар азаматтардың уақытын үнемдеу», — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар Қазақстанға онлайн қызметтер көрсету бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингінде 8-орынға көтерілуге себепші болды.

«Халықаралық сарапшылар атап өткендей, бұл – біздің еліміздің үлкен жетістігі. Осы жұмыстарды белсенді жалғастыру қажет. Көрсетілетін қызметтер сервисінің деңгейін үнемі арттыру керек. Бұл әсіресе, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қатысты. Көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру тұрғысынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы офлайн-сервистің толыққанды драйверіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы атап өткендей, адамның бүкіл өмірін қамти отырып, проактивті қызмет көрсету қажет. Ол үшін бизнес-процестердің реинжинирингі жүргізілуде. Қажетті ақпараттар деректер базасында болған кезде өтініштер мен растайтын құжаттарды жинау тәжірибесінен алшақтауымыз қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр рейтингтер мен жетістіктердің жоғары болғанына қарамастан, ерекше назар аударуды қажет ететін факторлар бар екендігін айтты.

«Мәселен, «Электрондық үкімет» порталында білім туралы құжаттарды тану, тұрғын үй көмегін тағайындау, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту сияқты мемлекеттік қызметтердің 22 түрін алуға әлі мүмкіндік жоқ. Адамдар мәліметтер дұрыс емес деп шағымданады. Биылғы 10 айдың өзінде ғана мәліметтерді түзетуге 56 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл түрлі дерекқорларды біріктіріп, ақпаратты цифрландырған кезде жұмыстың сапасы дұрыс болмағанын көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер ондағы ұзын-сонар кезекке және ғимараттарда қолайлы жағдайлардың болмауына наразы. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арнайы пандустар мен көтергіштердің болмауына байланысты кейбір Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіре алмайды. Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу өте қиын», — деді ол.

Үкімет басшысы лицензиялар мен рұқсаттар алуға өтініш беру күрделі болғаны сонша, азаматтар консалтингтік компаниялар мен жеке тұлғаларға жүгінуге мәжбүр екендігін айтты.

«Жалпы аталған жайттар атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың тиімділігін төмендетіп жібереді. Сондықтан, азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын бірден назарға алып, шұғыл шаралар қабылдау қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Алдыңғы жаңалық

Президент 23 қарашада Минскке, 24 қарашада Бакуге барады

Келесі жаңалық

Зейнетақы тағайындау процесі өзгерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі