Соңғы жылдары үшінші мегаполисте аумағы кеңейіп, миграциялық және демографиялық өсім артып келеді. Бұл өз кезегінде білім ошақтарына деген сұранысты көбейтті. Тіпті, бірқатар мектеп үш ауысымда оқып, балалар мен ата-аналарға қолайсыздық тудыратын еді. Оның үстіне 2023-2024 оқу жылында 27 мың шымкенттік бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.
Енді қала мектептерінде үш ауысым болмайды. Білім басқармасының мәліметінше, жаңа оқу жылынан бастап мектептер бір және екі ауысымды оқуға толығымен ауысады. Қалада жекеменшік мектептердің көптеп ашылуы мен бірнеше білім ұясының күрделі жөндеуден өтіп, тіпті кейбіріне қосымша ғимарат салынуы да қаладағы үш ауысымды мектеп мәселесін шешуде.
Бүгінде қалада 9 білім мекемесінің ғимараты, атап айтқанда, 4 мектеп, 2 балабақша, бір колледж, 2 арнайы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр. Мәселен, құрылысшылар Шымкенттегі №93 мектепте күрделі жөндеудің соңғы жұмыстарын жүргізуде. Олар оқу орнының үш корпусы да қазіргі білім беру стандарттарына сәйкес келетінін айтады. Жаңаталап шағынауданындағы мектептің бірінші корпусы 1951 жылы салынған. Айналада оқушы саны артқандықтан, соңғы жылдары мектеп кеңейтіліп, қайта жасақталған. Мұнда да инженерлік жүйелер толық жаңалануда. Жоба бойынша ғимараттың тек ішкі бөлігі ғана емес, ауласы да заман талабына сай жабдықталады. Қосымша спорт алаңшасы салынып, көріктендіру, абаттандыру жұмыстары да қоса жүргізіледі.
Шымкентте инновациялық жүйеде білім беретін оқу орны оқушылар үшін есігін ашты. Seitzhan School мегаполистегі жекеменшік мектептердің көш басына шықпақ ниетте. Білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Оқушылар үшін спорттық үйірмелерден бөлек, робототехника, дизайн дәрістері жұмыс істеп тұр. Метептің ашылу салтанатына біздің арнаның тілшілері де қатысып қайтқан болатын.
Seitzhan School – жаңа дәуір балаларын тәрбиелейтін бірден бір орталық. Ашылғанына екі ай болған білім ұясында қазір 350 бала білім нәрімен сусындап отыр. 900 орынға лайықталған білім ошағы инттелект ұрпақ тәрбиелейтін бірден бір орталыққа айналмақ.
Мектепте түрлі үйірмелер жұмыс істеп тұр. Қыздар ою-өрнек тігіп, түрлі ас әзірлесе, ұл балалар бассейнге түсіп, робототехнианың қыр-сырын меңгеруде. Соңғы технологияларды бойына сіңірген жастардың талпынысы да ерекше.
Білім ұясында 70-тен астам педагог табанды еңбек етіп отыр. Балалардың бос уақытда тәлім-тәрбиеге машықтайтын мамандар да бар. Білімнің негізі – инновациялық тәсілмек берілмек. Яғни, БИЛ мектептерінің жүйесі енгізілген.
2000 символ