aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісу облысында ArtSport бағдарламасына бөлінген 830 млн теңге Ұлттық қорға қайтарылды

22 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Жетісу облысында ArtSport бағдарламасына бөлінген 830 млн теңге Ұлттық қорға қайтарылды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірде бюджет қаржысын тиімді пайдалану мақсатында жасалған жұмыстың нәтижесінде ArtSport бағдарламасына бөлінген қаржы қайта қаралып, 830 млн теңге үнемделді. Қаражат Ұлттық қорға қайтарылды, деп хабарлайды Kazinform.

Биыл өңірдің мәдениет саласын дамытуға 11 млрд 694 млн теңге бөлінген. Бұл қатарда балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған мектептен тыс үйірмелердің қызметін қолдауға бөлінген қаржы да бар.

Бұған дейін аймақта ArtSport бағдарламасы бойынша ақша төлеу жүйесі жиі сынға ұшыраған еді.

Қадағалау мен түсіндіру жұмыстарынан кейін жеке кәсіпкерлер бюджеттен төленетін қаржыны үнемдеудің тиімді әдісіне көшкен.

Қазір облыс аумағында балалар шығармашылығын дамыту орталықтары мен спорт үйірмелері бірыңғай электронды жүйе бойынша қызмет көрсетеді.

Бұл өз кезегінде бала санын нақтылап, үйірмеге қатыспайтындар үшін де ақша алып отырудың жолын кесуге мүмкіндік берген.

Жалпы, аймақта мәдениет басқармасына қарасты 309 нысан бар. Оған мәдениет үйлері мен архив мекемелері кіреді. Бұл нысандардың көпшілігі күрделі жөндеуді қажет етеді екен.

«Бөлінген қаржы өңірдегі бірқатар ауданда мәдениет үйлерін жөндеу және жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізуге жұмсалып жатыр. Бүгінде Ақсу ауданы Ақсу ауылы, Кербұлақ ауданы Жоламан ауылы және Текелі қалалық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысы мәресіне жетті. Ал Қаратал ауданы Кәлпе ауылдық мәдениет үйі және Үштөбе қаласындағы тарихи-өлкетану музейін пайдалануға бердік», — дейді Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қаласында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі

Келесі жаңалық

Алматы қалалық Білім басқармасының шенеунігі ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі