aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Қызыл бұрыш

Павлодар облысында сәби бас миынсыз дүниеге келген

22 ноября, 2023
in Қызыл бұрыш
0
Павлодар облысында сәби бас миынсыз дүниеге келген
0
SHARES
147
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодар облысында нәресте бас миынсыз дүниеге келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық балалар ауруханасының хирургі Жандос Мусин мәлім етті.

«Биыл осындай ауыр жағдайлардың бірі кездесті. Ана сәбиді бас миынсыз туды. Оның салмағы 520 грамм болатын. Бұл ауру бала құрсақта жатқан кезде-ақ орын алған. Өкінішке орай, нәресте бақилық болды», – деді Жандос Мусин.

Спикердің мәліметінше, бұндай қауіпті аурулар көптеп кездеседі. Бүгінгі таңда неонатологиялық орталықта 19 нәресте реанимация бөлімінде жатыр. Оның біреуі аса ауыр жағдайда.

Балалар түрлі аурулармен туады. Мәселен, респираторлы дистресс синдромы — өкпенің жетілмеуі. Осындай балалар өздігінен дем ала алмайды және ұзақ уақыт бойы жасанды демалу аппаратының көмегімен дем алады. Кейде бұл процесс 1-2 айға созылуы мүмкін. Сондай-ақ, бас миының қан тамырларының жетілмеуі салдарынан ми ішіндегі қан кету пайда болады. Бұл күрделі сырқаттарға әкелуі мүмкін

«Бүгінгі таңда шала туылғандардың ішіндегі ең кішкентайы –530 грамм салмақтағы қыз бала. Қазір ол ауруханадан шығарылып, ақ халаттылардың бақылауында», – деді облыстық перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелердің реанимациясы бөлімінің реаниматологі Қарлығаш Райысова.

Сонымен қатар, облыста дене салмағы тым төмен нәрестелердің 70%-ы аман қалады. 34 аптаға дейінгі балалардың барлығы перинаталдық орталықта ем қабылдайды.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 8369 бала дүниеге келді, олардың 544-і — шала туғандар. Оның ішінде 90 бала 1,5 келіге дейінгі салмақта туды.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда заңсыз салынған ғимараттар бұзылды

Келесі жаңалық

7 жастағы қыздың өлімі: Павлодар облысында бірнеше шенеунік жазаланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі