aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия азаматын экстрадициялау туралы айтылды

23 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия азаматын экстрадициялау туралы айтылды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі туралы хабарлады.

Ұсталған Нигерия азаматы әлі Қазақстанға экстрадицияланбағаны белгілі болды. Оның Нигерияда қамауға алынғанына бір жарым жылдай уақыт өтті.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Н.Ф. Адиндуды ұстағаны туралы ақпарат алуына байланысты Нигерияның құзыретті органдарына дипломатиялық арналар арқылы оны беру туралы сұрау жіберілді. Қазіргі уақытта Нигерия тарапы өтінішті қарап жатыр», — деп Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Бас прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметі берген жауабында.

Бас прокуратура мәліметінше, Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортунаға қатысты қылмыстық істі Алматы Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлімі, 1, 3-тармақтар бойынша «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тергеп-тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, 2014 жылы наурызда Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдағы Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

2015 жылдың маусымында Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырды.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. 2019 жылдың 27 желтоқсанында Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, Адинду Нонсо Фортунаның қамауға алынғаны 2022 жылдың 20 маусымында белгілі болды. Ол ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталды.

Tengrinews.kz

Алдыңғы жаңалық

Елімізге Қытай, Түркия мен Үндістаннан еңбек мигранттары көп келеді

Келесі жаңалық

Алматы облысында мектеп оқушысы суицид жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі