aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Шытырман

Депутат: Судьялар сайланатын болса, Сарыағаштағы қыз педофилдің қолынан өлмес еді

23 ноября, 2023
in Шытырман
0
Депутат: Судьялар сайланатын болса, Сарыағаштағы қыз педофилдің қолынан өлмес еді
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан Әділет министрлігі ұйымдастырған халықаралық конференция алдында БАҚ өкілдеріне судьялардың халық алдындағы жауапкершілігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Сарыағаштағы резонансты оқиға есіңізде шығар, ол жерде сот бұрын ауыр қылмыс жасаған адамға өте жеңіл жаза тағайындағанның кесірінен жан түршіктіретін қылмыс тіркелді ғой. Мұндай жайттар қайталанбау үшін не істеу керек?» деп сұрады БАҚ өкілі.

Депутат бұл елімізде «сот тәуелсіздігі» деген ұғымның теріс бұрмаланып кетуіне байланысты екенін айтты.

«Ол енді заңның жергілікті орында теріс орындалуының салдары. Бұл жерде тағы бір мәселе бар. Судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеміз дедік те, халықтың алдындағы жауапкершілігін жойып тастадық. Түсінікті болу үшін айтайын. Мысалы, Американың көптеген штатында судьялар қызметке сайлау арқылы келеді. Сондықтан халықтың алдында белгілі бір деңгейде жауапты болады. Қазір біздегі судьялар абсолютті түрде ешкімнің алдында жауап бермейді. Олар адамдарды қабылдамайды да. Мысалы, атқарушы билік өкілдері жыл сайын халық алдында есеп беріп, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауға міндеттелген. Заң шығарушы билік сайлау арқылы жасақталады. Ал сот билігі абсолютті тәуелсіз болып кетті. Бұл да белгілі бір дәрежеде дұрыс емес деп ойлаймын. Халықтың осындай бір ерекше наразылығы туындаған кезде ғана, қоғамның ашу-ызасы кемеріне жеткенде ғана әрекеттер жасалады. Негізі бұл дұрыс емес», — дейді заңгер.

Мәжіліс депутаты сот билігін халық алдында жауапты ету мәселесін сала өкілдері қабылдағысы келмейтінін де айтып қалды.

«Әзірге бұл туралы әңгіме қозғау ертерек шығар. Бірақ өз басым Мәжілістегі заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ретінде осы мәселені көтеріп жүрмін. Судьялардың халық алдында белгілі бір дәрежеде жауапкершілігі болуы керек деп есептеймін. Бара-бара судьяларды сайлайтын күнге де жетерміз. Дәл қазір оны талқыламақ түгіл естігісі келмейді де. Шындық сондай», — деді Абзал Құспан.

Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында мектеп оқушысы суицид жасады

Келесі жаңалық

Нұралы Әліп «Манчестер Юнайтедке» ауыса ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі