aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттегі білім ошақтарындағы мәселелер басты назарда

23 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкенттегі білім ошақтарындағы мәселелер басты назарда
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қ. Сыпатаев атындағы № 7 IT мектеп-лицейі» және «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің жай-күйімен танысты.

Мектеп-лицейінің іргетасы 1963 жылы қаланған. Жалпы ауданы 6490.00 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда 2 377 бала екі ауысымда білім алуда. Жобалық қуаты – 1 200 орын, оқу бөлмесі – 42. Екі спорт залы бар, 32 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бүгінде күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленгенімен, өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай келмеуіне байланысты мемлекеттік сараптамадан өтпей тұр.

Мектеп-интернаты 3 ғимараттан тұрады, 170 оқушы білім алады. Негізгі нысан 1969 жылы салынған, ал жатақхана мен спорт залы 1988 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ауданы – 8183.40 шаршы метр, 37 бейнебақылау камерасы бар. Білім ұясы күрделі жөндеуден 2009 жылы өткен. Бүгінде тозығы жетіп, күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыс көлемі 85 пайыз орындалды. Құрылыс келесі жылға өтпелі.

Білім ошақтарының мәселелерімен танысқан қала әкімі жауаптыларға «Қ. Сыпатаев атындағы № 7 IT мектеп-лицейінде» күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және қосымша ғимарат салу бойынша тапсырма берді. Ал «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы мектеп-интернатына» заманауи су себу қондырғыларын орнатуды жүктеді. Сондай-ақ тиісті басшыларға жылу қазандығы бойынша мәселені назарға алып, құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру қарқынды жүріп жатыр. Мердігер компаниялар тарапы Таскен, Ақжар, Арғымақ пен Ынтымақ сияқты 9 шағын ауданда жер тегістеп, бетон құю жұмыстарын бастады. Сонымен қатар 3 қабатты заманауи оқу ордасы Нұршуақ шағын ауданында бой көтереді. 4,5 гектар жерде 2 мың оқушыға арналған нысан салынады. Қазығы қағылып, іргетасы қаланған мектеп келер жылдың желтоқсан айында тапсырылады. Білім басқармасы мамандарының мәлімдеуінше 2025 жылға қарай 18 жайлы мектепті ел игілігіне беру жоспарланып отыр.

–Қазіргі қолданыстағы мемлекеттік жалпы орта білім беру мектептерінен ерекшелігі ол толығымен қамтылған. Материалдық тұрғыдан жабдықталған. Мектеп іске қосылмай жатып мұғалімдер құрамы анықталған басшысына дейін. Тек қана анықталмай ең үздік мұғалімдер іріктелген мектептер болмақ, — деді білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте заманауи үлгідегі өрт сөндіру депосы ашылды

Келесі жаңалық

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарлар қоры жеткілікті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі