aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мәулен Әшімбаев Ұлттық қор қаржысын пайдаланудың тиімділігіне күмән келтірді

23 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Мәулен Әшімбаев Ұлттық қор қаржысын пайдаланудың тиімділігіне күмән келтірді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық қор қаржысын пайдаланудың тиімділігіне күмән келтірді. «Самұрық-Қазына» қорының бағалы қағаздары Қордың ақшасына сатып алынады, нәтижесінде олар тиімсіз болып шығады.

Сенат спикері тәсілдің өзіне емес, жобаларды іске асыру тетіктеріне күмән келтірді.

Ұлттық қордың қаржысын жекелеген стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларға пайдалану қажет. Мұндай тәжірибеге тыйым салынбайды. Дегенмен Мәулен Әшімбаевтың пікірінше, облигацияларға қойылатын талаптар мен ережелерді нарық қалыптастыруға тиіс.

«Егер «Самұрық-Қазына» облигацияларды шығарып, оларды нарыққа берсе, олардың қаншалықты орынды және тартымды екенін нарықтың өзі бағалайтын еді. Яғни, нарық баға жоғары емес пе, бәрі пысықталды ма және тағы басқа мәселелердің орынды болуын талап етеді. Біз бұл жерде «Самұрық-Қазына» облигация шығаратын, Ұлттық қор сатып алатын және қандай да бір рәсімдерді оңайлатылған түрде жүргізуге болатын тетікті көріп отырмыз. Осы жобалардың процедуралары мен пысықталуын кім бағалайды? Рәсімдер туралы мәселе Жоғары аудиторлық палатаға жетті ме?», – деп атап өтті Сенат спикері.

Сонымен қатар мұндай қағаздарды Ұлттық қор есебінен сатып алу кезінде Парламентке хабарлау қажет болатын. Алайда олай жасалған жоқ, Сенат төрағасы осыған алаңдаушылық білдірді. Ол, сондай-ақ, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мәселесіне де назар аударды.

«Егер пайыздық мөлшерлемені субсидиялайтын болсақ және бұл шығындарды Ұлттық қор өз мойнына алса, онда Ұлттық қор тұжырымдамасына және балаларды қолдау тұрғысынан орындалуға тиіс міндеттерге және тағы басқа мәселелерге қайшы келеміз. Бұл – екінші мәселе. Үшінші мәселе – есеп беру. Ұлттық қор қаражатын пайдалану тұжырымдамасында «Самұрық-Қазына» облигацияларын қаржыландыру және сатып алу мүмкіндігі көзделген. Өткен жылғы бюджеттің есебі шеңберінде Үкіметтің Парламенттегі есебі де көзделген болатын. Біз былтырғы бюджет бойынша есепті қарған кезде Ұлттық қор қаржысын пайдаланудың осы бөлігі туралы ақпаратты көре алмадық. Ақпарат жоқ. Осылайша, бұл қаржыны пайдалану туралы есепте проблема бар», – деді Мәулен Әшімбаев.

Ол Министрлер кабинетінің мүшелеріне сатып алулар бойынша депутаттар алдында есеп беруге дайын болу керек екенін ескертті.

Алдыңғы жаңалық

Президент ҰҚШҰ жиынына қатысу үшін Беларусь Республикасына барды

Келесі жаңалық

Алматы облысында баласын сатпақ болған жүкті әйел ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі