aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Президент Abu Dhabi Ports Group басшылығымен Ақтау, Құрық порттарын дамытуды талқылады

27 ноября, 2023
in Билік
0
Президент Abu Dhabi Ports Group басшылығымен Ақтау, Құрық порттарын дамытуды талқылады
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады. Кazinform бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында ҚР Президенті Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстан стратегиялық мақсат етіп отырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси Abu Dhabi Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен ADP арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады.

Президент Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын «Солтүстік – Оңтүстік» бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы айтты. Оның пікірінше, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайызға артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» мен ADP арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгіні жапсыру міндеттеледі

Келесі жаңалық

Астанада қызын күнде ұрып-соғатын ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі