aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Кәсіпорындарға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетіледі

28 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Кәсіпорындарға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетіледі
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тассай» индустриалды аймағындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, ондағы өзекті мәселелердің шешімін қарастырды.

«Asia Trafo» – отандық «Alageum Electriс» электр машина жасау саласындағы жетекші өндіруші құрамына кіретін, Орталық Азиядағы кернеуі 110, 220, 500 кВ қуаты 500 МВА дейінгі трансформаторлық жабдықтар шығаратын ең ірі зауыт. 2019 жылы іске қосылған кәсіпорын 12 га аумақта орналасқан. Бүгінде 250 адамды жұмыспен қамтуда.

Зауыт негізінен, автотрансформаторларды, күштік май трансформаторларын, сондай-ақ қуаты 500 МВА дейінгі кернеуі 110, 220, 500 кВ реакторларды шығарады. Жобалық қуаты жылына 120 дана жоғары кернеулі трансформаторлар өндіреді. Зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, бүгінде шет елдерден де сұраныс бар.

Ал «Stroi Construction» ЖШС металл конструкцияларымен қатар, металл жарықтандыру тіректерін шығарумен айналысады. Биыл іске қосылған компания қазір жарықтандыру құрылғыларын еліміздің барлық аймағына жеткізуде.

Кәсіпорындардың жұмысымен танысқан қала басшысы жауаптыларға бизнес өкілдеріне жаңа желілерді қосуда, экспортты ұлғайтуда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау көрсетуді тапсырды.

Шымкент – Қазақстандағы экономикасы дамыған шаһардың бірі. Халқы миллионнан асатын қаланың инфрақұрылымы дамыған, инвестициялық жобалар қарқынды іске асып, бірқатар салаларды жандандыруда республикада көш басында келеді. Қаланың негізгі капиталға салынған инвестициясы 2019 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артқан.

Экономикалық әлеуетті жандандыру мақсатында Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2023 жылға арналған 6 нысаналы индекатор белгіленген. Олар – кәсіпорындарды цифрландыру жүйесіне көшіру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, сауда, қала аумағындағы базарларды қайта жаңғырту және ретсіз сауда.

Басқарманың мәлімдеуінше, қазір қаламызда 839 кәсіпорын белсенді жұмыс істеп келеді. Оның 24-і ірі кәсіпорын, 45-і орта және 770-сі шағын кәсіпорын. 2023 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндірісін 767 млрд теңгеге жеткізу жоспарланыпты. Осы жылдың алғашқы тоқсанында 196 млрд теңгенің өнімі өңделіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,7 пайызды құраған. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жыл басынан бері 9,140 мың тоннаның өнімін өндірген.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

«Тассай» индустриалды аймағындағы отандық өнімдер импортты алмастырады

Келесі жаңалық

Шымкенттік жас омарташы мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі