aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мектептерде оқушылардың смартфон пайдалануын шектемек

30 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Мектептерде оқушылардың смартфон пайдалануын шектемек
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

30 қарашада палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаттары Қазақстан мектептерінде смартфон пайдалануды шектеуді ұсынатын заң жобасын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асхат Аймағамбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Заң жобасы депутаттардның бастамашылығымен әзірленді. Жобада үш негізгі бағыт бойынша нормалар қарастырылған.

«Ұстаздармен болған кездеулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануы және оны тыю бойынша заңнамада нақты шектеулердің болмауы. Осыған орай, сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы аранайы норма да жобаға енгізілді», — деді ол баяндамасында.
Аймағамбетов ұялы телефондарды қандай жағдайда және қандай мақсатта қолдануға болатынын да айтып берді.

«Норма тек сабақ кезіндегі шектеулерге қатысты. Бала телефонын мектепке әкеліп, үзіліс кезінде пайдалана алады. Бұл тұрғыда ешқандай шектеу жоқ. Сабақ кезінде бала тек оқумен айналысуы керек, яғни ол ешқандай әлеуметтік желіні пайдаланбауы керек, TikTok-ты ақтармауы керек және тағы басқа. Қазір заманауи мамандар, түрлі қолданбаны қолданатын мұғалімдер көп. Дегенмен мұғалімнің смартфонды кейбір инновациялық әдістерді көрсету арқылы сабақ өтуіне қолдануына рұқсат. Бұл жағынан ешқандай шектеу жоқ. Ал егер бала өзімен-өзі отырып, телефонды пайдаланса, бұл жағынан шектеу болады», — деді Асхат Аймағамбетов.
Бұл тұрғыда бір кездері шенеуніктерде болғандай ұяшықтар құру жоспарланбаған.

Алдыңғы жаңалық

Бас прокурордың орынбасары Бишімбаевтің ұсталған туысы туралы пікір білдірді

Келесі жаңалық

Президент хостелдегі өрттен қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі