aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Балаларыма не айтамын»: Атырауда ана өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты

6 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
«Балаларыма не айтамын»: Атырауда ана өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты
0
SHARES
290
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Атырауда ана өліміне кінәлі деп танылған дәрігерлерге сот үкімі шықты. Істі болған алтауының үшеуі ақталып, біреуі екі жарым жылға сотталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тағы екі медициналық қызметкер шартты жазамен құтылды. Енді олар үш жылға дейін өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмайды.

«Құлап қалу туралы уәждерін сот ешқандай негізге алмайды. Себебі ол еш дәлелін тапқан жоқ. Алу мүмкіндігін көп пайызда растаған, босану сәтінде, босанғаннан кейін көп кешікпей алған жарақаты бейнежазбада нақты көрінген. Босану залында да шағымды сол жерде айтып, баласын үстінен алып тастауды айтып, сол жақ қабырғасын көрсеткені соған дәлел бола алады», — деді Атырау №2 сот судьясы Эльмира Ойқұлова.

Айта кетейік, былтыр қаңтарда Атыраудағы модуль ауруханада аман-есен босанған ана келесі күні жатырынан қан кетіп, ота үстінде қайтыс болды. 37 жастағы марқұмның артында төрт баласы жетім қалды. Қайғыдан қан жұтқан жұбайы мен туыстары бұл жағдайға дәрігерлерді кінәлаған. Өйткені ақ халаттылар босандырған кезде әйелдің денесін қатты жаншып, екі қабырғасын сындырып жіберіпті. Тіпті жас босанған ана қиналып жатқанда да қараусыз қалдырған. Оған қоса, медициналық мекеме науқасқа құятын қан таппаған.

Енді сотталушының әрқайсы жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңгеден төлеуі тиіс. Алайда марқұмның туыстары сот үкіміне көңіліміз толмайды дейді. Сондықтан төрт баланы анасыз қалдырған дәрігерлердің қатаң жазалануын талап етуде.

«Мен балаларыма не айтамын?! Төрт балам бар. «Мамам қашан келеді?» деп күнде сұрайды. Мектепке алып кетуге барамын. Басқа балаларды мамасы алып кетіп жатқанда сұрайды. Маған қиын. Қашанғы алдаймын», — деп көзіне жас алады әке.

Алдыңғы жаңалық

Көкшетауда пәтерде қамалып қалған бір және үш жасар бала құтқарылды

Келесі жаңалық

Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі