aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Петропавлда 700-ден астам адам көшеде құлап, жарақат алды

6 декабря, 2023
in Жаңалықтар
0
Петропавлда 700-ден астам адам көшеде құлап, жарақат алды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қараша айында Петропавлдың 720 тұрғыны көшеде кетіп бара жатып, тайғанақтан құлап, жарақат алды. Травматологтар көктайғақ кезінде жарақат алмау жолдарын және құлаған не істеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасының баспасөз қызметі демалыс күндері жедел жәрдем қызметіне 121 адам жүгінгенін хабарлады. 56 адамның қабырғасы сынған, 32 адам жарақат алып, 17 адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің көбі қарт адамдар.

Травматологиялық пункт меңгерушісі Валерий Грибанов көктайғақ кезінде адамның көбінесе білегі, шынтағы немесе иығы шығып кететінін айтты. Себебі құлаған кезде адам инстинктивті түрде қолдарын созып, созылған қолына құлайды. Егде жастағы адамдарда физиологиялық ерекшеліктерге байланысты жамбас мойнының сыну қаупі жоғары.

— Құлап бара жатқан жағдайда барынша өзіңізді бос ұстауға тырысыңыз. Қызық естілуі мүмкін, бірақ бұлшықеттердің тығыздығы сыну ықтималдығын арттырады. Артқа құласаңыз, басыңызды қорғау үшін иегіңізді кеудеге қысыңыз. Егер алдыңызбен құласаңыз, басыңызды басқа жаққа бұраңыз. Қолдарыңыз бүгіліп, түзу созылмауы керек. Құлаған соң асықпай тұрып, қай жеріңіз ауырып тұрғанын білу керек. Егер бір жеріңіз қатты ауырып немесе басыңыз айналса, жағдайды қиындатпау үшін жедел жәрдемді күткен дұрыс,-деп кеңес берді маман.

Алдыңғы жаңалық

Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды

Келесі жаңалық

Якутияда аяз 60 градусқа таяп қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі