Ел бойынша қызылша жұқтырған 87 жүкті әйел ауруханада жатыр.
Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің мамандары олардың жағдайы орташа, дейді. Дәрігерлер қызылша құрсақтағы балаға да жұғады деп отыр. Тіпті, дерт ушықса, жүкті әйел мерзімінен бұрын босанып, шақалақ мүгедек болып тууы мүмкін. Оның алдын алу – екпе арқылы ғана мүмкін болмақ. Бірақ, жүктілік кезінде вакцина алуға болмайтыны тағы бар, деп жазады qazaqstan.tv.
«Күнтізбелік бойынша 1 жаста және 6 жасында алады. Егер сол жаста алса өмірбақи имунитет пайда болып ішіндегі балаға, баланы туғаннан кейін 6 айға дейін ол бала ауырмайды. Өйткені ананың имунитеті беріледі», — дейді «Астана медицина университеті» кеақ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Динагүл Аяпбекқызы.